Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұқым себу аяқталды - АРҚА АЖАРЫ

Тұқым себу аяқталды

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан мәлімдеді.

 

– «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарында алға қойылған 5 институционалды реформада ауыл шаруашылығын дамыту жайы ерекше аталып өтті. Ел экономикасында елеулі орын алатын ауыл шаруашылығы саласын өркендету мемлекеттік маңызы бар мәселе ретінде қаралуы өте орынды. Сондай-ақ, мұның өзі ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп сөзін бастаған басқарма басшысы облыста ауыл шаруашылығы саласы жыл өткен сайын дамып келе жатқандығын нақты деректермен көмкеріп айтып  өтті.
Ағымдағы жылы облыс бо-йынша көпжылдық шөптерді қоса есептегенде егістік алқабы 4,7 миллион гектарды құрады. Оның ішінде 4,3 миллион гектары дәнді дақылдар, 241,5 мың гектары майлы дақылдар, 142,2 мың гектары мал азығы, 18,3 – 4,3 мың гектары картоп пен көкөніс.
– Диқандар агротехникалық шараларды ойдағыдай жүргізуінің арқасында науқанды 18-20 күннің ішінде аяқтап шықты. Маңызды науқанға 15 мың трактор, 18 мың бірлік егіс кешендері жұмылдырылды. Оның 1145-сі өнімділігі жоғары егіс кешендері, – деді Мұрат Балпан өз сөзінде.
Сонымен қатар, басқарма басшысы көктемгі дала жұмыстарына «Аграрлы несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 6,8 миллиард теңге несие берілгенін атап өтті. Оған қоса, өсімдік шаруашылығын субсидиялау үшін 10,7 миллиард теңге бөлінген.
– Өткен жылы облыстағы егістік алқаптарда фито-санитарлық жағдай өте күрделі болғаны белгілі. Сондықтан, ендігі міндет алдағы уақытта арамшөптермен бірге ауыл шаруашылығы дақылдары ауруымен және зиянкестермен күресуге айтарлықтай көңіл бөлу, – деді басқарма басшысы.
Шешеннің уәжіне қарағанда, облыс мал тұқымын асылдандыру бағытында қолға алынған «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға да белсене қатысуда. Әсіресе, өңірде 2017-2021 жылдарға арналған республикалық ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға ерекше көңіл бөлініп отыр.
– Биыл облыс бойынша 78 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Оның 48-і ет, 30-ы сүт бағытындағы кооперативтер. Қазірдің өзінде Ерейментау ауданында – 12, Жақсы ауданында  – 7, Зеренді ауданында – 6, Атбасар, Есіл және Шортанды аудандарында 4 кооперативтен құрылды. Бұл құрылатын кооперативтердің отызы сүт қабылдайтын пункттерді ашуға бағытталып отыр. Атбасар, Бурабай, Жақсы және Зеренді аудандары жоспарды орындады, – деді Мұрат Балпан.
Жалпы, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы кооператив-терін қолдау үшін облысқа  2 миллиард 12 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржы «Ауыл  шаруашылығын қаржылай қолдау» акционерлік қоғамы  (1 миллиард 185 миллион 137 мың)  және «Аграрлы несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (826 миллион 863 мың) арқылы бөлініп отыр. Сондай-ақ, осы бағытта ауылдағы тұрғындарды несиелеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» акционерлік қоғамы облыстық филиалының 1,3 миллиард теңге өз қаржысы бар екенін айта кеткен жөн.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар