Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсылық пен мейірім деген осы болар - АРҚА АЖАРЫ

Жақсылық пен мейірім деген осы болар

 

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты  Ғалым Бекмағамбетов бірнеше жылдан бері көкшетаулық Темірғалиевтер отбасын қанатының астына алып, қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Бұл үйдегі үш баланың екеуі мүгедек.

Әмір мен Әмина целлебралды салдың (ДЦП) ең ауыр түріне шалдыққан. Екеуі де мүгедектер арбасына таңылған, өз беттерінше жүріп, тұра алмайды. Анасы Әсем екі баланың күтімімен үнемі үйде, олар тек отағасының жалақысына қарап отыр, бұдан өзге балалардың дәрі-дәрмектері, реабилитациялық шығындары, күнделікті тамақ, киім-кешек, пәтерақысы бар.
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні Ғалым Мәдешұлы Әмір мен Әминаға арнайы келіп, отбасына материалдық көмек көрсетті. Бір сәтке болсын балалардың жүзінен қуаныш лебін көрген анасы Әсем қасиетті Рамазан айында жасалған жақсылық Алладан қайтсын деген тілегін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы АОФ баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар