Жан жылуын сыйлады

 

Бұл күні «Бульвар» мейрамханасында   Көкшетау қаласының білім  бөлімі мен  «Қызыл Жарты ай» қоғамының Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен  ата-ананың аялы алақанының ыстық лебін сезіне алмай келе жатқан  60  балаға дастархан жайылды. 

Балаларды мерекемен  құттықтауға «Нұр Отан»  партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов келіп,  жанашыр сөзін, ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, демеушілер атынан   естелік сыйлықтар  табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар