Бәсекелестік ортаға беріледі

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы Қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдары бәсекелестік ортаға берілуге жататын ұйымдардың тізбесіне  облысымыз бойынша 11  ұйым енгізілген.

 

Үкіметтің 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен аталған тізбеге қосымша «Степногорск ЕРЦ», «Бурабай ЕРЦ», «Бурабай нұры», «Бурабай таңы» серіктестіктері енгізілді. Сөйтіп, бәсекелестік ортаға беруге жататын ұйымдардың саны он беске жетті. Оның ішінде «Степногорск – Тазалық» серіктестігі сатылды. «Атбасар қаласының жолаушылар тасымалы» серіктестігі бойынша өтінімнің болмауынан тендер үш рет өткізілген жоқ. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Заңына сәйкес аталған серіктестік енді таратылады. «Тазалық» коммуналдық кәсіпорнын сату банкроттық басқарушымен жүргізілді. «Көкшетау Қала Кадастры» серіктестігі банкрот деп танылды. «Спорттың ойын түрлері бойынша спорт клубы», «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы», «Оқжетпес» футбол клубы», «Бурабай» спорт сарайы» коммуналдық кәсіпорындары мен «Арлан» кәсіби хоккей клубы», «Бурабай ЕРЦ», «Бурабай нұры» серіктестіктерін тарату туралы облыс әкімдігі мен Бурабай ауданы әкімдігінің қаулылары қабылданды.
2017 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында «Көкше Жәрдем» коммуналдық кәсіпорны мен «Көкше-Қамқор», «Бурабай таңы» серіктестіктерін сату жоспарланған. «Степногорск ЕРЦ» серіктестігін сату  2018 жылдың қарашасына белгіленген.   Жекешелендіруге жататын мемлекеттік мүлік нысандары туралы ақпарат www.gosreestr.kz. веб-сайтында орналасқан. Ол ашық әрі қолжетімді. Кез-келген адам  қажетті ақпаратпен таныса алады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда өткізу туралы жарнама сауда өткізуге дейін 15 күн бұрын мерзімдік басылымдарда жарияланады. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша сауда мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамының
www.gosreestr.kz сайтында электронды нысанда өткізеді. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саудасына белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады.

Сауя ОСПАНОВА,
облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар