Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абайлаңыз, қаржы пирамидасы!.. - АРҚА АЖАРЫ

Абайлаңыз, қаржы пирамидасы!..

 

Бес теңге салып, он теңге етіп қайтарып аласың деп адамдарды жалған уәдемен алдап, тақырға отырғызып кететін алаяқтық қаржы пирамидалары облысымыздың аумағында талай рет көрініс берген.

 

Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын халықты дүрліктіріп мыңдаған адамды тартқан қаржы пирамидасы басшылары сотталған болатын. Десе де, оңай жолмен олжа тапқысы келетіндер қатары азаймай отыр. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, бүгінде көрініс беріп отырған қаржы пирамидаларының бұрынғылардан ерекшелігі,  негізінен интернет арқылы шақырып, ұйымдастырушылар тасада қалуда.
– Қаржы пирамидасы – бұл жеке адамдардың қаражаттарын қандай да бір инвестициялық жобаларға тарту, бірақ, шын мәнісінде ешқандай инвестициялық қызмет жүзеге асырылмайды және жобаның алдыңғы қатысушыларына ақы төлей отырып, тек жаңа қатысушылардың қаржысын тарту есебінен ғана жүргізіледі,–деп анықтама береді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің алдын алу және бақылау жұмыстары жөніндегі басқармасының басшысы Қоныс Жұмағұлов. Қаржы пирамидаларының қауіптілігі неде? Ерте ме кеш пе қаржы пирамидалары міндетті түрде  банкроттыққа ұшырайды. Бұл жаңа клиенттердің ақшаларының бұрынғыларға па-
йыз төлеуге жетпеген уақытта болады. Мұндай компаниялардың жұмысын тоқтатуы күтпеген жерден болады, сіз оның қай уақытта болатынын білмейсіз және өз ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз.  Қаржы пирамидасы сіз ақшаңызды әкелген күннің ертесінде-ақ  банкротқа ұшырауы мүмкін. Кейде жылдап қызмет етеді, бұл уақытта сіздің пайда табуыңыз мүмкін, бірақ, бұл тек сіздің соңыңыздан келген адамдардың есебінен ғана болады, айналып келгенде түбі банкроттыққа әкеп соғады.
Компанияның қаржы пирамидасына қатыстылығы барлығын қалай анықтауға болады? Бұл жөнінде кірістер департаменті басқармасының басшысы Қоныс Жұмағұлов мынадай анықтамалар арқылы анықтауға болатынын айтады.
– Сату көлемімен байланыссыз төлемдер; үлкен пайыздар мен тез баюға уәде беретін жарнамалар; белсенді сатушылар, уәдені үйіп-төгетін тұсаукесерлер, әдемі сайттар, жарнамалық таратылымдар, бұлардың барлығы қатысушыларға қанша табыс табатындары жайында айтып, қызықтыруға қызмет етеді; адамдардың басым көпшілігіне таныс емес арнайы мамандандырылған терминдерді пайдалану – форекс, стокс, фьючерс, трейдинг және тағы басқалары; қатысу үшін ақы  төлеу, бірақ, ол көп адамдар үшін қолжетімді сома болып табылады; ұйымдастырушылар, құрылтайшылар туралы мәліметтер жасырылады. Егер басшылық туралы мәліметтер құпия болса, ал, компанияның өзі қандай да бір аралда немесе офшорлық  аумақта тіркелген болса, онда қаражатты салмас бұрын әбден ойланып алған жөн. Офшорлық аумақта компанияны тіркеу жеңілдетілген тәртіпте өтеді, ал, осы құрылымның соңында кімнің тұрғанын анықтау оңай шаруа емес; өзінен басқа қосымша екі адамды тартқаны үшін сыйақы төлеу қаржылық пирамиданың басты белгісі болып табылады.
Соңғы кезде облысымыздың аумағында инвестициялық пакеттер жарнамалаумен  және сатумен айналысатын күмәнді фирмалар пайда болды. Бұл пакеттерді сатып алған адам ай сайын белгілі сомада өсім алып отырады-мыс. Шынын айтқанда, жалған уәдеге сеніп, инвестициялық пакеттерді сатып алып жатқандар да бар. Іс жүзінде, бұл алаяқтықпен айналысатын қаржылық пирамиданың нақ өзі. Енді назарларыңызға сондай жалған уәдені үйіп-төгіп жұрттың ақшасын алдап алып жүрген алаяқ компанияларды ұсынамыз:
White – 90 евроға сатып аласыз,  айына 17.30 пайыз табыс түсіреді; Yellow – құны 270 евро, айына 18,20 пайыз табыс береді; Green – 810 евро, айлық табысы 19,90 пайыз; Blue – 2430 евро,  айлық өсім 21,60 па-
йыз; Red – 7290 евро, айына 22,50 пайыз табыс береді; Black – 21870 евро, айлық табысы 26,00 пайыз.
Осыдан көріп отырғандарыңыздай, пакет бағасы көтерілген сайын, өсім табысы да жоғарылай түседі. Бір қараған адамға бұның өзі қазіргідей инфляция жағадан алған заманда ақшаны сақтап, көбейтудің тамаша амалы сияқты көрінері анық. Сондай пакетті сатып алып, ақшаға қарық болып жүрген адамдардың сөздері, көз  қарықтырар жарнамалар, үйіп-төгіп берілген уәделер – бәрі бұрын мұндай алаяқ компаниялармен істес болмаған жанға кереметтей әсерін тигізіп, жиған-тергенін ойланбай салуға итермелейді. Ал, ақшаңызды бір салған соң оны қайта шығару мүмкін болмайды. Яғни, қармаққа мықтап түстім деп санаңыз. Сондықтан, жалған уәдеге сеніп, алаяқ компаниялардың арбауы-
на түспеймін десеңіз, жоғарыда аталған қаржы пирамидаларынан аулақ жүргеніңіз абзал.

 

Қаржы  пирамидаларын құрып ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Осы бап бойынша заң бұзушының мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Қазақта «Көп жеймін деген аз жейді» деген сөз бар. Оңай жолмен мол олжаға кенелемін деп жүріп, жиған-терген ақшаңыздан айырылып, өкініште қалмаңыз…

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар