Батылдыққа баулыған жарыс

 

Облыс орталығында Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, қоян-қолтық ұрыс пен каратэ-до спортынан облыстық турнир болып өтті.

 

Бұл спорттық додаға 55 пен 90 келі аралығындағы салмақ дәрежесінде 170 спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жанатбек Есімов сөз сөйлеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды.
– Біздің қызметкерлердің көпшілігі департаменттің ғана емес, сонымен қатар, облыстың намысын байрақты додаларда қорғап жүрген спортшылар, – деді ол.
Бұдан соң турнирдің қоян-қолтық ұрыс спортының бас төрешісі Жаслан Жантасов жарыстың ережелерін түсіндіріп өтті. Турнирге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мереке Жүсіпов, бокстан әлем кубогының иегері Руслан Мусинов және каратэ-до спортынан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәкен Рақымжанов тәрізді спорт саңлақтары құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының ішкі істер департаментінің спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды «Динамо» спорт клубының спортшылары иеленсе, үшінші орынды мамандандырылған күзет қызметi басқармасының командасы алды. Ал, каратэ-додан жеңіс тұғырынан Лейла Мерзаева, Ернұр Ерғалиев, Серік Сайын және Ануар Асанов секілді бірқатар жас спортшылар көрінді. Турнирге белсенді қатысқан спортшылардың барлығына естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: жарыстан көрініс.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар