Астанада 2017 жылдың 10 маусымында өз жұмысын бастаған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне бүкіл әлемнен 5 миллионнан астам адам келеді деп жоспарланып отыр. Осы орайда, 7 күн көрменің 7 кереметін назарларыңызға ұсынады.
«Нұр Әлем» павильоны
«Нұр Әлем» павильоны – «Астана «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты ғимараты. Көлемі 80 метрді құрайтын, биіктігі 100 метр әлемдегі бірден-бір шар тәріздес ғимарат. Құрылымның қас бетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольттық элементтердің бірігуі ойластырылған. Сфераның үстінде екі желайдағыш генератор орнатылған. Ғимарат үстіндегі шолу алаңына лифт арқылы көтеріліп, бүкіл ЭКСПО ауданына ашылатын әдемі көріністі тамашалауға болады. Ұлттық павильонның ішкі инсталляциялау және жабдықтау жұмыстарын дүние жүзіне белгілі швейцариялық, италиялық, германиялық фирмалар жүзеге асырған. Аталмыш ғимарат көрме өткен соң инновациялық және ғылыми-зерттеу орталығына айналады.
Үздік тәжірибелер аймағы
Үздік тәжірибелер аймағы – Болашақ энергиясына қатысты озық технологияларды ұсынатын ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыптық павильондарының бірі. Мұнда 13 елден үздік 24 жоба іріктеліп алынды. Жалпы аумағы 2564 шақырым метрді құрайтын 2 қабатты ғимарат түріндегі павильон бес тақырыптық аймаққа бөлінген: жаңғыртылатын және баламалы энергия, энергиялық тиімділік пен дәстүрлі энергия, энергияны сақтау, энергияны үлестіру, табиғи энергетикалық ресурстарды қолдану. Нақ осы жерде күн қозғалтқышы арқылы жұмыс істейтін Solar Impulse ұшағы мен био отын көмегімен жұмыс істейтін «Формула E» жарыс автомобилін көруге болады.
Экспо – мұражай
Экспо мұражайында жиналған бүкіл 166 жылдық тарихы бар экспонаттар – бұл ғажайып және технологиялық прогресс кезеңдеріндегі уақыт саяхаты. ЭКСПО-ның дәстүрлі бастауы 1851 жылы Лондон қаласында өткен Халықаралық көрмесі болды. Ол Гайд саябағында өтті және оның негізгі тартуы темір мен шыныдан жасалған xрустальды сарай болды. 1889 жылғы Парижде өткен Дүниежүзілік көрме Францияға өзінің символын сыйлыққа берді, ол Эйфель мұнарасы. Аталмыш көрмеде революциялық технологиялық инновациялар енгізілді. Олар: автомобиль, телефон, компьютер, IMAX, электрондық микроскоп.
Цирк Дю Солей
Цирк көрмеге орай арнайы REFLEKT шоуын дайындады. Цирк ұжымы 3 ай аралығында күн сайын көрермендерді өнерлерімен тәнті етпек.
Ватиканның тосын сыйы
Көрмеде әр мемлекет «таза» энергетика саласындағы озық әзірлемелерді ұсынады. Ватикан павильоны осыған байланысты не ұсынар екен? Келушілер мұны да өз көздерімен көреді.
Әлем асханасы – бір жерде
Көрмеге қатысушы 115 ел көрермендерге тек қана сыйлықтар ғана емес ұлттық тамақтарын да ұсынады. Сондықтан, ЭКСПО – сүйікті тағамдарыңыздан дәм таттырып, жаңа нәрсені байқап көруге мүмкіндік береді.
Көрменің ашылу салтанаты
Көрменің ашылу салтанатына келе алмай қалған көрермендердің мұңаюына ешқандай себеп жоқ. Өйткені, көрменің шымылдығын ашқан «Ұлы дала симфониясы» атты театрландырылған шоу бағдарламасын бес рет көруге мүмкіндік бар. Шоу 600-ден астам өнерпаздың қатысуымен амфитеатрда өтеді.