Додада достық жеңді

 

Көкшетау қалалық №12 орта мектебінде «Аялау» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі демалыс орталығының тәрбиеленушілері арасында спорттық жарыс болып өтті.

 

Жарысты оны «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы, қалалық білім бөлімі,  «Зеленое будущее» қоғамдық қоры, «Жас қайрат» дене тәрбиесі дайындығының балалар-жасөспірімдер клубы, қалалық жастар ресурстық орталығы және «Нұрбанк» акционерлік қоғамының Көкшетау қаласындағы филиалы ұйымдастырды.
Додаға барлығы 20 бала қатысты. Олар екі командаға бөлініп, жарыс талаптарын дұрыс орындауға тырысты. Бірінші кезеңде қатысушылар өз командаларын таныстырды. Бұдан соң түрлі спорттық жаттығуларды орындап, ойындар ойнады. Шапшаңдықты талап ететін спорттық жарыста достық жеңді. Қатысушылардың барлығына  сыйлық тапсырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар