Көкшетау қаласындағы №11 орта мектеп-гимназия-сында «Абай әлеміне саяхат» клубы ашылды.
Оған ақын шығармашылығын терең білгісі келетін кез-келген оқушы мүше бола алады. Болашақта қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысу мүмкіндігі туады және жас ақындардың поэзия патшасына арналған өлеңдерінің жинағы шығады. Ақынның туған жеріне бару да жоспарлануда.
Онда сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова клубтың соны бастамаларына сәттілік тілеп, мәңгілік ел болу үшін ең алдымен, жас ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие беру керек екенін айтып өтті. Шарада 7 сынып оқушысы Диана Чмеленко тамылжыта ән салса, 5 сынып оқушысы Усман Холухоев ақынның қара сөздерін жатқа оқыды.
Жазира Сейітмағанбетова.