Алға, «Айбын!»

 

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы  халықаралық жастар жиынына  қатысатын болады.

 

Әскери-патриоттық клуб 2011 жылы құрылған. Клуб оқушылардың бойына  қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға септігін тигізеді. Оның құрамында қазір  20  білім алушы бар. Олар үнемі қалалық және облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.  Колледж директоры   Нұртас Ахатұлы  шәкірттерінің  Қарағанды  қаласында өтетін халықаралық  жастар жиынына қатысуы  үлкен табыс екенін айтып, байрақты додада сәттілік тіледі. Ал, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Жанат Ережепов қуатты әскер – мемлекеттің негізі.  Сондықтан, жас ұрпақ  әскери өмірдің қыр-сырын  қазірден бастап  меңгергені  дұрыс екендігін айтып өтті. Бұдан соң , өткен жылы әскери-патриоттық клубтар арасында өткен  республикалық жарыста  жеңімпаз атанған   Степногорск қаласының «Батыр»  клубының   жетекшісі  Досжан Төкенов те  «Айбынға»  жылы лебізін білдіріп, өзі жетекшілік ететін клубтың атқарып жатқан жұмысы  туралы айтып берді.  
«Айбын» әскери-патриоттық клубының  командирі Алмас Мұзыбаев болса, оқу-жаттығу кезінде түрлі әскери тапсырмаларды орындайтындықтарын, темірдей тәртіп пен қатаң талаптарға  үйреніп жүргендерін тілге тиек етті.  Шара соңында айбындықтарға   публицист Әлия Ахетованың  «На той войне незнаменитой» атты кітабы сыйланды.      
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар