Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электр қуатымен қамту жақсартыла түсуде - АРҚА АЖАРЫ

Электр қуатымен қамту жақсартыла түсуде

 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Индустриалдық даму» сайлауалды бағдарламасы бойынша құрылған жұмыс тобының кезекті отырысында аймақты электр қуатымен қамтуды жетілдіру және өнеркәсіп орындарында жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

 

Облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Томиловтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ольга Цальцовка өңіріміздегі электр қуатымен қамтамасыз ету жайы туралы жан-жақты баяндап берді. Қазіргі күні облысымызда электр қуатын таратумен негізінен төрт компания айналысады. Олар: «АРЭК» АҚ-ы, «Көкшетау Энерго», «ЭнергоПромКомпани» және «Степногорскэнегротранзит» серіктестіктері. Электр қуатымен толыққанды қамтамасыз ету үшін құрылғыларды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп отыру қажет болатыны белгілі. Осы орайда, өткен жылы қуат таратушы компаниялар 3200 шақырым желіні ауыстырған. Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен 2011-2014 жылдарда  елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жос-пары шеңберінде 16 жобаның жобалық- сметалық құжаттары дайындалған.  Ол негізінен Астана маңындағы Қажымұқан, Талапкер, Максимовка, Қоянды, Қараөткел сияқты елді мекендер. Сонымен бірге, Астана маңындағы  елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз ету жобалары шеңберінде бюджеттен жалпы ауқымы 8,1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сөйтіп, Қоянды, Шұбар, Талапкер, Ақмол, Тайтөбе және №96  разъезд сияқты елді мекендер электр қуатымен ойдағыдай қамтылған. 2016 жылы елді мекендердің көшелерін жарықтандыру 44,2 шақырымға ұзартылып, бүгінгі күні  796,3 шақырымға жетіп отыр.
«Нұр Отан» партиясы белсенділері қоршаған орта тазалығына залалсыз жел, күн сияқты көздерден электр қуатын өндірудің келешегі жайын талқылады. Ерейментаудағы жел электр стансасынан бөлек, күн арқылы қуат өндіретін ірі жоба қолға алынбақшы.
Мәжілісте өнеркәсіп орындарында жаңа технологияны енгізу жайы жан-жақты талқыланды. «ЕПК Степногорск» АҚ-ы бас директоры А.Томилов өзі басқаратын іргелі кәсіпорындағы жаңа технологияның енгізілу жайына тоқталды. Қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану және жаңа технологияны енгізу арқылы зауыт өндіріс көлемін арттырған. Өнім сапасын жақсартқан. Жұмысшы саны едәуір қысқарып қалған. Бұрын зауытта 4,2  мың адам еңбек етсе, қазіргі күні 1,8 мың жұмысшы бар. Өнім түрі бүгінде 70-ке жеткен. Әрине, жұмыс орындарын қысқарту қазіргі ел саясатына қайшы көрінгенімен, далада қалып жатқан жұмысшы жоқ және жұмысшылардың жалақысы еселеп артты дейді кәсіпорын басшысы.
Сондай-ақ, өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі – силикат кірпішін шығаратын «ENKI» және полиэтилен қапшықтар өндіретін «Асыл-Арман» АҚ-ы басшылары да өз кәсіпорындарында атқарылып жатқан жұмыс пен жаңа технологияны өндіріске енгізу жайы туралы баяндап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар