Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мейірімді жандар - АРҚА АЖАРЫ

Мейірімді жандар

Облысымызда тұңғыш рет Донор күні аталып өтіліп, көп жылдар бойы қан тапсырып келе жатқан 11 донор  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

  – Биыл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен  донорларға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі беріліп отыр. Осы орайда, адам өмірі үшін араша түсуге әрдайым дайын тұратын абзал жандарға алғыс білдіремін, – деді  облыстық қан  орталығының бас дәрігері Сәкен Қалымжанов.
Олардың арасында көкшетаулықтар Мақсат Құлжанбеков, Владимир Пруд, Ерден Жантасов, Наталья және Елена Белан, Егор Филиппов, Сансызбай Көлбаев, Дмитрий Панковец, Снежана Милашенко, Сергей Тыщенко, Ляззат Хаметова бар екенін айта кеткен ләзім. Сонымен қатар, Асқар Нұртазин, Дмитрий Тоболько, Олег Каспарян, Николай Колесников, Қайрат Баянов, Галина Надина тәрізді азаматтар облыстық қан орталығы бас дәрігерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
– Ең алғаш рет студент кезімде қан тапсырдым, кейін тұрақты донор атандым. Қан тапсыру адамның  өмірін сақтап қалуға ғана емес, гуманизм, мейірімділікке тәрбиелейді, – дейді 30 жылға жуық донор болып келе жатқан Асқар Нұртазин.
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында барлығы 500-ден астам донор тіркелген.  
Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар