Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастардың болашағы алаңдатады - АРҚА АЖАРЫ

Жастардың болашағы алаңдатады

 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткен отырыста өңірде жастардың нашақорлыққа әуестігі және оның алдын алуға бағытталған наркотестер  өткізу туралы мәселелер  қаралды.

 

Облыста нашақорлықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы мақсатта арнайы құрылған штаб отырысына облыстық ішкі істер департаменті, білім, денсаулық сақтау, жастар мәселелері жөніндегі басқармалардың өкілдері қатысты. Өңірдегі нашақорлықтың алдын алу мен мектеп оқушыларының наркотестерді тапсыруы туралы облыстық наркологиялық оңалту орталығының директоры Серік Әшімов баяндады. Баяндамашының мәліметтеріне жүгінетін болсақ, облыста ағымдағы жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша 10244 науқас есепке алыныпты, олардың екі мыңнан астамы нәзік жандылар болса, 7 бала мен 37 жасөспірім бар. Есірткіге еліккендердің 3409-ы ауыл тұрғындары екен. Ауылда тұратын жеті жүзден астам әйелдің осы дертке шалдыққаны көңілге қаяу түсіреді.
Өкінішке орай, наркологиялық зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан шараларға, есепке алынушылардың санының жыл сайынғы төмендеуіне қарамастан, жалпы наркологиялық көрсеткіш бойынша біздің өңір Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарынан кейінгі үшінші орынды алып отыр. Ал, ішімдікке салынғандар саны бо-йынша Шығыс Қазақстаннан кейінгі екінші орында. Әрине, қуанатын жағдай емес.
Отырыста облысымыздағы мектеп оқушыларынан бастап, кәсіптік-техникалық колледждердің, арнайы және жоғары оқу орындарының білім алушыларының  наркотестерді тапсыруы мәселесі кеңінен қозғалды. Биылғы жылы осы тексерісті өткізу үшін орталыққа мемлекеттен 32 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Өткен жылы тексерілген 36 мың адамның 14-інен нашақорлық белгілері анықталыпты.
– Осы белгілер анықталған балалардың дені Көкшетау қаласынан болып отыр, солардың екеуі ғана есепке алынды. Себебі, есепке қою олардың келісімімен жүзеге асырылады. Биылғы жылы тексерілген 11541 оқушының 21-інен наркологиялық белгілер анықталды. Олардың біреуі Бурабай ауданында, төртеуі Атбасарда, 16-ы Степногорск қаласында тұрады. Бірнеше жыл қатарынан тест қорытындысына сай бірқатар аудандарда нашақорлыққа салынғандардың жоқтығы анықталды. Сол аудандарды жыл сайын тексере беру қажет емес. Өйткені, бір тестің құны 1890 теңге тұрады, – дейді баяндамашы. Биылғы жылы тестілеуді Көкшетау қаласында ғана өткізу жоспарға алынған екен. Алайда, өңір басшысының орынбасары керісінше наркотестерді жүргізудің маңыздылығына ерекше көңіл бөліп, облыстағы жастардың барлығын тексеру қажеттігін айтты. Осы орайда, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Асхат Ғали ең алдымен, балалар үйінде оқып жатқан және сонда білім алған колледж, арнайы оқу орындарының жастарын тексеру керектігін айтты. Өмірдің ауыртпалығы мен қиыншылықтарын бала жастан көріп өсетін қоғамның бұл тобы қылмысқа, нашақорлыққа салынуға бейім келеді.
Степногорск қаласындағы нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайы тыңдалып, штаб төрайымы Гүлназ Әбіловаға Жастар үйінде тұрып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізу қажеттігі ұсынылды.
Қазір мектеп оқушылары жазғы каникул демалысында. Осы орайда, оларды жұмыспен, іс-шаралармен қамту мақсатында білім беру ұйымдары тарапынан ұйымдастырылатын жұмыстар да отырыста кеңінен талқыланды. Бұл ретте, лагерьлердің хал-ахуалы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова жан-жақты баяндап берді. Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы тарапынан курорттық аймақтардағы, жалпы демалыс лагерьлерінің маңындағы өсіп тұрған психотроптық шөптерді жою мәселесі тез арада қарастырылып, шешімін табуы керектігі ескертілді. Сонымен бірге, «Балдәурен», «Сұңқар» секілді демалыс лагерьлерінің тәрбиешілеріне конкурс өткен кезде, міндетті түрде олардың да наркотестерді тапсыруларын қадағалау тапсырылды.
Облыстық спорт және дене шынықтыру, жастар мәселелері жөніндегі басқармалары мамандарының аталмыш бағыттағы мәліметтері тыңдалып болған соң, жас-тар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа қарсы алдын алу шараларына жауапкершілікпен, ұқыпты қарау қажеттігі айтылды. Жастардың ертеңгі болашағы – олардың денсаулықтарына байланысты. Олар ұлттың болашағы. Ендеше ұлт болашағын қамдайтын осындай мәселелер күн тәртібінде жиі қаралып, тиісті шаралар уақытында іске асырылып отырулары қажет.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар