Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Ғалия Зиябекқызы Сабатаеваның сайлауалды бағдарламасы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Ғалия Зиябекқызы Сабатаеваның сайлауалды бағдарламасы

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарын ұлы өзгерістер дәуірі және мемлекеттің де, қоғамның да түбірінен қайта жаңғыру кезеңі деп батыл әрі ешбір боямасыз айтуға болар еді. Бүгінде біз еліміз тәуелсіз әрі құқықтық мемлекет құра білді деп айтуға хақылымыз.

Осы жолда ел Парламентінің қосқан үлесі зор екендігі даусыз. Дегенмен, өмір бір орнында тұрып қалмайды. Сондықтан да, бүгінгі Парламент парламентаризмнің неғұрлым алдыңғы қатарлы әрі жаңа заманның формаларын қалыптастыратын жаңа сапалы заң шығарушы әрі қуатты өкілетті орган болуға тиісті. Оның үстіне әлемдік демократия үрдістерін електен өткізе отырып, тиімді пайдаланып, елдің өмір сүру жағдайын мейлінше жақсартуға бағытталған әділетті заң қабылдау міндетін мүлтіксіз атқаруға тиісті.  
Міне, осындай жауапкершілік жүгін айқын сезіне отырып, егер мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлана қалсам, күш-жігерімді ең алдымен мынандай мәселелерге жұмылдырар едім:
Бірінші, Сенат депутаттығына кандидат ретінде басымдық берілген басты бағыт Қазақстан мемлекетінің дамуы мен мықтап бекемделуі, билік құрылымдарының тиімділігін заң аясында жетілдіру деп есептеймін. Ойлап қарасаңыз, жалпыға да, жалқыға да мәлім дүние өз мемлекетінің  билігінің мықты болғаны қажет әрі халық тарапынан құрмет пен сенімге ие болу керектігі түсінікті.
Екінші, Парламент депутаттарының жіті назары ең алдымен тәуелсіз мемлекетіміздің шағын және орта бизнесін, өндірісін дамыта отырып,  экономикалық қуатының артуы мәселесіне аударылуға тиіс екендігіне сенімдімін. Осыған орай, отандық өнеркәсіптің барлық саласында экономиканы дамытып, ішкі рынокты қорғау, кәсіпкерлік ортада салауатты бәсекелестікті дамыту мәселелерін әділ заңдық тұрғыдан шешу қажет. Бұл арада ең алдымен міндетті түрде ақылға сыйымды әрі ілкімді салық саясатын қалыптастыру міндеті тұр. Республикадағы жоғары заң шығарушы орган депутатының статусын пайдалана отырып, мен жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы, сондай-ақ, салық заңдылығын жетілдіру және осы саладағы бақылаушы органдардың араласуын реттеу бағытында қазіргі күні қолданылып жүрген заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдаймын. Мұның өзі кәсіпкерліктің жолындағы кедергілерден арылуға септігін тигізер еді.
Үшінші, әлеуметтік әділдікті жақтаушы ретінде біздің қоғамымыздың жан-жақты қорғалуын қалаймын. Сондықтан, Парламентке басымдылық берілетін бағыт қазақстандықтардың барлық буынын қорғау, өмір сүру деңгейін жақсарту жайы деп есептеймін. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған: зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар және өзге де әлеуметтік жай-күйі төмен тұрғындарды тұрақты әлеуметтік қорғауға қол жеткізу заңдық базаны жетілдіру арқылы мүмкін болады. Әлеуметтік саланың өкілі ретінде денсаулық сақтау, білім және қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге қатысты заңдардың жетілдірілуіне күш салар едім.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Сенат депутаттарының ерекше назарында болуға тиісті. Осы жүйені енгізу арқылы біздің замандастарымыз Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының қаржылық жағдайы жақсарады деп күтуде. Сонда ғана медициналық көмек пен амбулаториялық емдеуді қамтамасыз ету аясын кеңейтуге, мемлекеттің азаматтардың денсаулығын сақтау барысындағы жауапкершілік үдесінен шығуына қол жеткізуге болады. Оған қоса, жаңа жүйе жаңа технологияларды енгізуге, ақ халатты абзал жандардың кәсіби шеберлігін арттырып, еңбекақыларын көбейтіп, бәсекелестікті дамыту арқылы медициналық көмек көрсету жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Облыстағы өкілетті органдар арқылы дәрі-дәрмектің бағасын заң аясында белгілеп, оның көтерме және бөлшек саудадағы бағасын реттеуге әбден болады. Парламент депутаттары тұрақты түрде кепілдендірілген тегін медициналық көмек мәселелерін талқылай отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың нәтижелерін қадағалауға тиісті. Білім, оның ішінде жоғары білім қоғамымыздың барлық саласындағы жастар үшін қолжетімді болуы керек. Бұл орайдағы ең басым бағыт педагогика кадрларының еңбекақысы мен мәртебесі.
Зейнеткерлік заңдылығын жетілдіру, сондай-ақ, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызмет аясын жетілдіре отырып, зейнетақы көлемінің өсуіне ұмтылған жөн. Сондай-ақ, көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды қолдай отырып, дүниеге сәбилердің көбірек келуіне қолайлы жағдай туғызған дұрыс.
Төртінші. Жаңа мемлекеттік тұрғын үй саясатын толық қолдаймын. Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін заңдық базаны жетілдіру қажет деп есептеймін. Бұл орайдағы республикамыздың қуаты жеткілікті. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, тұрғын үй құрылысын еліміздің экономикалық дамуының жетекші күшіне айналдырған жөн.  
Бесінші. Республика Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстандағы саяси жүйені реформалаудың маңызды бағыты мемлекеттік басқаруды реттеу, жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруды жетілдіру деп бірнеше мәрте атап өткен болатын. Егер мен депутат болып сайлана қалсам, қолданымдағы заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, жергілікті атқарушы биліктің өкілеттілігін кеңейтуге ат салысар едім. Алтыншы, ерекше назарды Ақмола облысының дамуына аудару керек. Өйткені, облыс ел астанасының іргесінде. Астаналық облыстың маңыздылығы туралы көп айтудың да қажеті жоқ шығар. Облысты дамыту үшін Астана маңындағы азық-түлік белдеуін жетілдіріп, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу керек. Осыған орай, мен Астана маңындағы Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының елді мекендерін дамытуға тұрақты назар аударар едім.
Сондай-ақ, мен облыстың қалалары мен ауыл-селоларының өзекті мәселелеріне жете көңіл аударып, әсіресе, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге атсалысамын. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғырту шараларын жүзеге асыру арқылы атқарушы органдарға қолымнан келген барлық көмекті көрсетпекпін.
Осы мәселелерді заңды тұрғыдан шешу үшін мен облыстың мәслихат депутаттарының қолдауы мен көмегіне сенемін.     
Республикалық бюджет қаражаты есебінен  төленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар