Халық пен мемлекетке қызмет ету мүмкіндігі

 Меритократия қағидаттарын ұстанудың нәтижесінде  Қазақстанның мемлекеттік қызметі қазіргі күні қолжетімді және айқын форматты болып қалыптасып келеді. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына 2016 жылы жаңа қағидалар енгізілді.

 

Осыған орай, мемлекеттік қызметке орналасу конкурс нәтижелері бойынша іске асырылып, комиссия мүшелері үміткерлерді олардың жеке қабілеті мен біліміне, біліктілігіне қарап бағалайды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерді алаламай, олардың барлығына бірдей қарау, өз қызметінде толымды жетістіктерге қол жеткізген мамандарды марапаттау секілді мәселелер де жан-жақты қарастырылған. Аталған қағидаларды мемлекет тарапынан қамтамасыз ету және сақтау, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тиімді жұмыс істеуі – мемлекеттік қызмет институтының нығаюына, атап айтқанда әкімшілік аппаратының сапалы құрамының, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің беделінің артуына оң ықпалын тигізеді.  
 Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын жүзеге асыруға бағытталған саясат жүргізуде. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кадр-лар меритократия қағидаттары бойынша іріктеледі. Барлық үміткерлер міндетті түрде ҚР заңнамаларын меңгергендігін тексеруге, олардың жеке құзыреттіліктерін бағалауға, мемлекеттік қызметтегі тәртіптің негізгі талаптарына арналған тест тапсырады. Тестілеуден өткен үміткерлер бұдан әрі құрамында мемлекеттік қызметтің ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, үміткердің орналасқысы келген ұйымының өкілдері бар конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтеді.
Қазақстандық заманауи мемлекеттік қызметтегі біздің облыстың сапалық және сандық сипаттамалары қандай? Енді осы мәселелерге тоқтала кетейік. 2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша  облыс-та 5538 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын талдау нәтижелері  олардың орташа жас мөлшері 39,2  жас екендігін көрсетті. Мемлекеттік қызметшілердің қатарында  29 ұлттың өкілі бар және әйелдердің үлес салмағы басым, яғни, 3486 нәзік жандылар мемлекеттік қызметте еңбек етуде.  Мемлекеттік органдарда 4898 жоғары білімі бар қызметші жұмыс істейді. Соның ішінде,  643 адамның екі немесе одан да көп жоғары білімі бар. Барлық қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесінің орташа көрсеткіші – 10,1 жыл болса, атқарып отырған лауазымындағы көрсеткіштері – 3,4 жылды құрайды.
Біздің еліміздегі мемлекеттік қызметтің бір артықшылығы – азаматтардың барлығының да оған қол жеткізуіне тең құқылары бар. Қазіргі уақытта сынақ мерзімінен өту де мемлекеттік қызметке жаңа келіп жатқандар үшін жаңалық болып отыр. Оларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін міндет-талаптар мен сынақ тапсырмалары енгізілген 3 айлық жеке бейімделу жос-
пары беріледі. Жеке жоспарды орындауға көмек көрсету мақсатында тәжірибелі мамандар қатарынан тәлімгерлер бекітіледі.    
Бұдан әрі мансап баспалдақтарымен көтерілу жеңілдетілген тәртіп бойынша өтетін ішкі конкурс арқылы қысқа мерзімде іске асырылады. Конкурстарға төменгі лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілердің қатысуына мүмкіндік бар. Бұл ретте, алғашқыда үміткерлер бос орын бар мемлекеттік органның қызметкерлері арасында іріктеледі. Ал, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ,  облыстық басқармалардың басшылары үшін кәсіптік даму аясында ротация қолданылады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 34-бабы мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды көздейді. Облыстық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың аймақтық орталығында қазіргі күнге дейін 14 мыңнан астам мемлекеттік қызметші оқыту курсынан өтті. Мемлекеттік органдардың қызметтеріне үнемі талдау жүргізіліп тұрады. Соттар әкімшілігінің, қазынашылық, әділет департаменттерінің, қаржы басқармасының осы бағыттағы жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Бұл мемлекеттік органдарда кадрларды меритократия қағидаттарына сәйкес іріктеудің тиімді тәжірибесі қалыптасқан, осының нәтижесінде мамандардың жұмыстан кету көрсеткіші өте төмен.  
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігінің ұшталуында,  жас мамандардың  басқарушылық мәдениетінің қалыптасуында олардың мемлекеттік қызметтің ардагерлерімен дәстүрлі кездесулері де маңызды. Құрметті демалыста болса да, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы ақыл-кеңес беретін облысымыздың мемлекеттік органдарының бұрынғы бірінші басшылары М.Құлмағамбетовті, П.Трищті, Ғ.Төлеғұлды атап өткен артық болмас.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы және тұрмыстағы мінез-құлық стандарттарын айқындаған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды нығайтудың негізі болып табылады.  Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілген, олар этикалық нормалардың сақталуын бақылайды. Негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған жүйелі іс-шаралар әзірлеу болып табылатын  Әдеп жөніндегі кеңестер құрылды. Енгізіліп жатқан реформалар, заңдардың жетілдірілуі мемлекет үшін жағымды фактор екенін тәжірибе жүзінде көріп отырмыз.
Елбасы алдымызға жаңа формацияның білікті мемлекеттік қызметшілер корпусын, жай ғана қызметшілер емес, ел мен жұртқа адал қызмет ететін, отансүйгіш және әділ, жаңа этика қағидаларын таратушы қайраткерлер жасақтауды нақты міндет етіп қойды. Біздің қоғамның қазіргі мемлекеттік қызметтен күтіп отырғаны да  осы. Сол талапқа сай боламыз деген сенімдеміз. Мереке құтты болсын, қадірлі әріптестер!

Берген БЕСПАЛИНОВ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің
Ақмола облысы бойынша  департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар