Сенімнен шыққан жас маман

 

Аграрлық аймақта ауыл шаруашылығы саласында еңбек ету  – абыройлы іс. Өңірдегі көптеген мемлекеттік мекемелердегідей, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс істейтіндердің де көпшілігі жастар.

Олардың ұжымдағы беделі, алдарына қойған мақсаттары, өмірге деген талпынысы мен құлшынысы құптарлық. Жаңалыққа құштар жастар келешекте мемлекеттік қызметтің элитасына айналады деп сенеміз.

 

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында мен қолыма қалам алып, жас маман Мұрат Іргебаев туралы жазуды жөн көрдім. Ол еңбек жолын басқармада бастап, аз уақыттың ішінде өзін жақсы жағынан көрсетті және мансаптық баспалдақпен жоғары ілгерілеуге әлеуеті зор. Бүгінде ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау және болжау бөлімінде бас маман болып еңбек етуде.
Бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау
ауданы Каменный-Брод елді мекенінің  тумасы 2013 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін агроном мамандығы бойынша тәмамдады. Кейін А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде білімін одан әрі ұштай түсіп, экономика және бизнес магистрі біліктілігін алып шықты.  
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы «Кутузовский Алиби» ЖШС-нің агроном- есепшісі болып бастаған маман кейін Еңбекшілдер және Бұланды аудандарында Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекцияларының бас маманы – өсімдік карантині жөніндегі инспекторы болып жұмыс істеді. 2014 жылдың тамыз айында Мұрат Саматұлы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасына егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі бас маманы болып жұмысқа қабылданды, ал, 2015 жылдың аяғынан бастап, қазіргі уақытқа дейін экономикалық талдау және болжау бөлімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды стратегиялық жоспарлау жөніндегі бас маманы  болып жұмыс істейді.
Өз жұмысына мығым маман көктемгі егіс және орақ жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған кредиттік өнімдерді әзірлеу жұмыстарына қатысады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын ауылдық кредиттік серіктестіктер мен басқа да қаржы институттарының жүйесі арқылы кредиттеу жұмыстарына мониторинг жүргізеді.
Биылғы жылы ол көктемгі дән сіңіру және орақ жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеу тетігін әзірлеу жұмыстарына белсене араласты.  Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлеуге де қосқан үлесі зор.
Мұрат Іргебаев – жас болғанымен, тәжірибелі және білікті маман. Өзіне жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен адал орындайды.  Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, еңбек және атқарушылық тәртібін қатаң сақтайды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда алдына жан салмайды.
Биылғы жылы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудың қорытындысы нәтижесінде Мұрат Саматұлының мемлекеттік лауазымын жоғарылату ұсынылды. Бүгінде кәсіби мерекесі – Мемлекеттік қызметші күні біз оның жұмысына табыс тілейміз.

Совет БАЛТАБАЙ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар