Түлектер ҰБТ тапсыруда

Кеше облысымызда Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. 21 маусым мен 23 маусым аралығында  өтетін бұл тестілеу сынақтары жаңа форматта алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

  Ақмола облыстық білім басқармасының берген мәліметтеріне сүйенетін болсақ, мектеп түлектері тестілеуді 11 ҰБТ өткізу пункттерінде тапсырады. Енді биылғы тестілеу сынағының негізгі ерекшеліктеріне тағы бір мəрте тоқталайық. Ең алдымен, Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 пəн бойынша тапсырылады. Атап айтқанда, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы жəне таңдаған мамандыққа сəйкес 2 бейінді пəннен сынақтан өтеді. 120 тестілеу тапсырмасы бойынша түлек ең көп дегенде 140 балл жинай алады. Себебі, кей сұрақтан екі балл алуға болады. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ботагөз Балапайқызының айтуынша, биыл облысымызда барлығы 4337 мектеп бітіруші болса, ҰБТ-ға қатысуға 3166 түлек ниет білдіріп, өтініш жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің 73,1 пайызын құрайды. 11 ҰБТ  тапсыру пунктінің 3-еуі Астана қаласында орналасқан, онда Қорғалжын, Целиноград, Аршалы аудандарының түлектері тест тапсырады. Тарқатып айтар болсақ, кеше  810, бүгін 569 түлек бағын сынаса, 23 маусымда 1787 түлек ҰБТ тапсырады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар