Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылмысқа қарсы күрестегі қуатты буын - АРҚА АЖАРЫ

Қылмысқа қарсы күрестегі қуатты буын

 

Еліміздің ішкі тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау сияқты маңызды істі мойнына алған ішкі істер органына жүктеліп отырған міндет ауыр да жауапты. Облысымыздың полиция қызметкерлері осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып келеді.

 

Материалдық-техникалық базамыз жыл санап жақсарып, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақталуға жете көңіл бөлінуде. Бұл да өз кезегінде жұмыс сапасын жақсартуға игі ықпалын тигізіп отырғанын атап өткен жөн.
Ақмола облыстық ішкі істер департаменті министрліктің мамандар даярлау резерві болып саналады. Әр кезеңде республикалық деңгейдегі басшы қызметке облысымыздан М.Демеуов, Р.Жақыпов, С.Нұрахметов, С.Каверников, М.Қабденов сияқты азаматтар тағайындалған болатын. Облысымызда қызмет еткен кезінде Владимир Рыбинский мен Халмұрат Хайдаров Елбасы Жарлығымен  генерал  шенін алған еді.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде өз міндеттерін адал атқарып, ержүректілік танытқандары үшін облыстық департаменттің 9 қызметкері түрлі мемлекеттік наградаларға ие болды. Өкінішке орай, тәуелсіз еліміздің тыныштығын қорғау жолында өздерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында 39  ақмолалық полицей қаза тапқанын да айтпай кете алмаймыз. Олардың есімдері гранит тақтаға қашалып жазылып, мекеме алдындағы тұғырда орын тепкен. Қызмет міндеттерін орындау жолында өмірлерін қиған әріптестерімізді біз ешқашан есімізден шығармаймыз.
Бүгінде полиция қызметкерлеріне жүктелер міндет пен жауапкершілік өте ауыр. Қарапайым азаматтар үшін үстіне полиция формасын киген адам билік  пен заңның өкілі және әділдік пен қауіпсіздіктің кепілі болып саналады.  Аймағымыздағы қалалар мен ауылдардағы ел тыныштығы, қоғамдық қауіпсіздік – бәрі полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін дұрыс орындауына байланысты болмақ. Сондықтан да, халықтың сенімін ақтап, ел алдында абырой биігінен көріну – әрбір полиция қызметкерінен өз міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Осы орайда, біз мамандарды іріктеу, олардың сапасын жақсарту жайына әрдайым баса көңіл бөлеміз. Полиция қызметін атқаратын адам білімі мен біліктілігі жоғары кәсіби мықты маман болуы тиіс.
Соңғы бірер жылдың ішінде облысымызда жұрт арасында үлкен пікір туғызған бірқатар шулы істер ашылып, жазықтылар заң шеңберінде жауапқа тартылды. Шын мәнінде, мұның өзі полиция қызметкерлері, жалпы құқық қорғау жүйесі үшін ауыр сын болған еді. Полиция қызметкерлері осындай сыннан сүрінбей өтіп, ауыр қылмыстарды кәсіби шеберлікпен аша алды.  Сондай-ақ, біз жемқорлыққа қарсы күреске де белсене атсалысып, еліміздің ішкі тыныштығын бұзғысы келген лаңкестік қауіптің алдын алуға да жете көңіл бөлудеміз.
Өзіне жүктелген міндет биігінен көріну үшін жеке құрам әрдайым жоғары физикалық және кәсіби дайындықта болуы тиіс екендігі түсінікті. Осы орайда, полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығына да үлкен көңіл бөлінеді. Жеке құрамның физикалық дайындығын шыңдаумен айналысатын арнайы басқарма құрылып, бұл бағытта да нақты жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі ішкі істер органы халықтан оқшау тұрған «жабық» мекеме болмауы тиіс. Жұртшылықпен қоян-қолтық араласа жұмыс істеп, қоғамға арқа сүйегенде ғана ісіміз нәтижелі болмақ. Сондықтан, осы бағыттағы жұмысқа да жеткілікті көңіл бөлінеді. Міне, биыл екінші жыл ішкі істер департаментінің жанынан құрылған қоғамдық кеңес белсенді жұмыс істеп келеді. Ақылдасушы-кеңес беруші органның құрамына қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Қоғамдық кеңес тарапынан түсіп жатқан ұсыныстарға біз әрдайым жете көңіл бөліп, мүмкіндігінше оны қабылдап, жүзеге асыруға тырысамыз.
Қоғамдық тәртіпті бұзушылық пен ауыр қылмыстардың басым көпшілігі арақ ішкен адамдардың үлесіне тиеді. Осыған орай, ішкі істер қызметкерлері маскүнемдікке қарсы күреске жете назар аударуда. Қазіргі күні облысымыздың аумағында арақ ішпесе жүре алмайтын маскүнемдік дертке шалдыққан 9000 адам тіркеуде тұр. Бұл адамдар жәй арақ ішіп қоймай, отбасының, қоғамның тынышын алады. Сондықтан да, олардың бәрі полиция қызметкерлерінің үнемі бақылауында. Біз үнемі айналасындағылардың тыныштығын алатын маскүнемдік дертке шалдыққандарды тәртіп тезіне шақырумен ғана шектелмей, оларды емделу мекемелеріне жіберуге де ықпал жасаймыз. Сөйтіп, осы бағытта жүргізген жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні арақ ішіп алып жасалатын қылмыс деңгейі едәуір төмендеді.
Бүгінгі күні Ішкі істер министрлігі қоғамымыздың барлық жігін толғандырып отырған қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқын қорғау, жол қауіпсіздігін сақтау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға баса күш салуда. Сонымен бірге, қылмысқа қарсы күресте қазіргі заманғы озық технологияларды пайдаланудың да маңызы арта түсуде. Біз осы бағыттардағы жұмысқа, материалдық-техникалық базаны нығайтуға  әрдайым жеткілікті мән беріп отырамыз. Осыған  облыс басшысы Мәлік Мырзалиннің жеке өзі әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдіріп отыратынын атап өткім келеді.
Биылғы Қазақстан полициясына 25 жыл толып отырған мерейтойлық кәсіби мерекемізді облысымыздың ішкі істер органы қызметкерлері жылдағыдай көтеріңкі көңіл-күймен және қызметтегі елеулі жетістіктерімен қарсы алғалы отыр. Мен барша әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына береке-бірлік, еңбектеріне жеміс тілеймін!
 Ержан СӘДЕНОВ,
облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар