Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік сауаттылығын арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерін насихаттау мақсатында «Тіл мерейі» облыстық байқауы болып өтті.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және оны насихаттап, кеңінен қолдануға қол жеткізу, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың біліктілігін, әдістемелік шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған тіл сайысында іріктеуден өткен барлығы алты үміткер өзара бақ сынасты. Комиссия мүшелері байқау қатысушыларынан түскен портфолиоларды бағалап, талдап үздік жұмыстарды екінші кезеңге өткізді. Ал, екінші кезеңде оқытушылар қызықты әрі тартымды сабақтар өткізе білді.
Қазылар алқасының шешімімен I орынды Бурабай ауданынан келген Жанар Махметова, II орынды Ерейментау ауданының оқытушысы Анар Хасенова, III орынды Степногорск қаласынан Бақыт Медетова иеленді.
Жанат БЕКІШЕВА,
облыстық оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы.