Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылыжай – жақсы жаңалық - АРҚА АЖАРЫ

Жылыжай – жақсы жаңалық

 

Облыс әкімі Мәлік  Мырзалин жұмыс сапарымен Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында болып, осы өңірлердің  тыныс-тіршілігімен танысты және алда тұрған міндеттерді пысықтады.

 

Қорғалжын ауданына жұмыс сапарын аймақ басшысы Сабынды ауылындағы  «МЕТ-777» серіктестігінің жылыжай шаруашылығын көруден бастады. Өткен жылы серіктестік екі жылыжайдан алғашқы қияр мен қызанақ өнімін жинап, сатуға шығарған екен. Биыл қосымша жылыжай құрылысын салуды жоспарлап отыр. Серіктестік директоры Марат Жүнісовтың айтуынша, 2020 жылға дейін жалпы қуаты жылына 150 тонна өнім жинауға  жететін  12  жылыжай салынбақ.  Жоба құны  238 миллион теңгені құрайды.  Қазіргі күні «Даму»  кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық қорымен жобаны несиелендіруге байланысты келіссөз жүргізілуде.
Өңір басшысы бұдан кейін «Бакара» ет комбинатында болып, жергілікті рынокты ғана емес, Елорданы ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның жұмыс жайын көрді. Серіктестік басшысы Серік Рахымбаев өндіріс жайын жан-жақты айтып берді. Қазіргі күні ет комбинаты қырыққа тарта шұжық өнімдері мен салқындатылған ет өндірісін жолға қойған. «Халал» технологиясы бо-йынша жұмыс істейтін кәсіпорында германиялық қазіргі заманғы құрылғылар орнатылған. Өткен жылы 3000 тонна өнім өндіріпті, ал 2018 жылы толық қуатына шығып, жылына 5000 тонна ет өнімдерін өндіретін болады. Облыс әкімі Астананың азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасын орындауда маңызды орын алатын кәсіпорын өндіріс қарқынын үдетіп, көлемін ұлғайтуға  көңіл бөлуі керектігін, облыс әкімдігі өз кезегінде қажетті қолдау мен көмекті жасайтынын атап көрсетті.
Облыс басшысы сондай-ақ, ұлттық ерекшеліктерімен сәулеттендірілген визит орталығында болды. Мұнда қырық адамға шақталған асхана жұмыс істейді. Қазақтың оюлы, сәнді киіз үйі тігіліп, онда келген қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылады және түнеп шығуларына да мүмкіндік бар. «Қорғалжын мемлекеттік қорығы
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне  келушілердің туристік бағытына енгізілген. Шетелдік қонақтарға аймағымыздың қайталанбас табиғи байлықтарын көрсету қажет»,  – деді аймақ басшысы.
Жантеке ауылындағы «Балбөпе-Алина» бала бақшасы өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынып, пайдалануға берілген. Мұнда бүлдіршіндердің демалып, ойнауына, білім алуына қажетті жағдайлардың барлығы да жасалған.
Облыс әкімі Егіндікөл ауданының  Полтавка селосындағы өткен жылы салынып, пайдалануға берілген мәдениет үйінде болды. Мәдени-көпшілік орталық жеке кәсіпкер Ю.Глашевтың қаржысына салыныпты. Қаңырап тұрған екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, шатыры жабылып, енді ауыл тұрғындары бос уақыттарын өткізетін орталыққа айналған.  Орталықты жылытатын жеке қазандық салынып, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде бюджет қаржысына балалардың ойын алаңы жасалыпты.
Одан әрі облыс басшысы  Егіндікөл селосындағы орталық аурухана мен екі орта мектепте болып, денсаулық сақтау және білім нысандарының жай-күйімен танысты.
«Арқа ажарының»  өз ақпараты.
Суреттерді түсірген   Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар