Қандасымыз өз еркімен қатысты

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының жанынан құрылған «Денсаулық» клубы қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастырды.

 

Аталмыш клуб өткен жылы облыс орталығында егде адамдардың денсаулығын нығайту үшін құрылған. Клубтың жетекшісі Гүлжан Тілеубаеваның айтуынша, қазір клубқа 38 адам мүше. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, емдік шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар, қарттар өздерінің ән-би ансамблін құрып, түрлі іс-шараларда өз өнерлерін ортаға салады.
Көрмеге осы клубқа мүше қолөнер шеберлерінің 30-дан астам жұмысы қойылды. Олардың көпшілігі тоқыма бұйымдар, қолмен тоқылған киім-кешектер, ою-өрнектермен безендірілген сөмкелер мен қыз-келіншектерге арналған әртүрлі әшекейлер. Көрмеге өз еркімен қатысуға ниет білдірген жандардың да жұмысы қойылды. Сондай жандардың бірі Дәулетой Исламқұлова. Ол 2010 жылы Тәжікстаннан  көшіп келген. Қазір қолөнермен айналысып, ұлттық өнеріміздің   жандануына өз үлесін қосып жүр.
Шара соңында зейнеткерлер арасында өткен жыр байқауының жеңімпаздары Любовь Леонтьева, Валентина Ерманова, Салтанат Уәлиханова мен Валентина Дедик дипломдармен марапатталды.
  Суретті түсірген Вячеслав ГУБАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар