Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Дамир Рақатұлы Досхожиннің сайлауалды бағдарламасы

 «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бизнес саласынан депутаттыққа өзін-өзі ұсынушы үміткер  ретінде алдыма зор мақсат қойып отырмын.

Бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тікелей қатысқандықтан, ауыл-селоларымыздағы ахуалдың, кәсібін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлердің, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық, білім беру және ғылым салаларының мәселелерін жақсы білемін. Бұл мәселелерді жай ғана естіп-білу аздық етеді, оларды шешудің әртүрлі оңтайлы амалдарын енгізу қажет деп есептеймін.
Бағдарламамның басымдық берілген басты бағыты – бизнесті жаппай дамыту. Сонда ғана біз зейнетақыны, жәрдемақыны көтеріп, білім беруді, медицинаны, жолдарды жөндеуді одан әрі қаржыландыра аламыз.
Мен алдымен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған асқаралы міндеттерін орындай отыра, күш-жігерімді мынадай мәселелерге жұмылдырар едім.  
Ауыл шаруашылығы. Қызметімнің ең негізгі бағытының бірі – ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, сонда ауыл тұрғындарына несие қолжетімді болады, яғни, қажетті құрал-жабдықтар мен  технологияларды сатып алуға, өнімді сатуды жүйелі түрде ұйымдастыруға, сонымен қатар, әртүрлі жәрдем қаражатын алуға мүмкіндік туады. Өнімді өткізуді жүйелі түрде ұйымдастыру үшін Астана қаласында «біздің» өнімдер ғана сатылатын, елорданың төңірегінде азық-түлік белдеуін «Ақмолада жасалған» атты белгісімен өзіміздің жеке сауда дүкендеріміздің желісін ашу керек.
Бизнесті қолдау және халықты жұмыспен қамту. Менің басты міндеттерімнің бірі шағын және орта бизнесті қолдау, әсіресе, «Қазагро Гарант» АҚ, «Даму» қоры, «Бизнестің жол картасы-2020» инновациялық бағдарламалары бойынша гранттық қаржыландыру арқылы несиелерге кепілдіктер алуға көмектесу, бұл жағдайда бухгалтердің, маркетологтың, заңгердің, бағдарламашының қызметтері тегін көрсетіледі. Осы шаралардың барлығы өнімдердің немесе көрсетілетін қызмет түрлерінің өзіндік құнын төмендетеді және бәсекелестікті жоғарылатады.
Бізге кәсіпкерлердің Start-Up бизнес сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыстар істеу керек. Ол үшін ең үздік бизнес жаттықтырушыларын, тәжірибешілерді, ғалымдарды тартып, бизнес-академия құруды ұсынамын. Осылайша біз бизнес туралы пікірді өзгерте аламыз. Бұл дағдыны мектепте жоғары сыныптардан бастап енгізе отырып, әрі қарай колледждер мен университеттерде белсенді жалғастыру қажет деп санаймын. Жастарымыздың жаңашыл белсенділігін және пікірін, жұмылғыштығын және икемділігін қажетті арнаға бағыттау керек. Жастардың жаппай кәсіпкерлігін қолдау қажет.
Нәтижелі жұмыспен қамтудың және бұқаралық кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасына сәйкес әрекет етудің әртүрлі бағыттарына жылдық 6 пайызбен, 85 пайызға дейін мемлекет кепілдігімен, 18 миллион теңгеге дейін қарыз алу мүмкіндігі бар. «Жедел» жобаларды жүзеге асыру мақсатында инвесторларды тарту үшін облыс бойынша индустриалық аймақтарды құруға тырысамын.
Әлеуметтік сала. Халыққа уағдалы базалық кірісті төлеу бойынша, тек бұл қаражат коммуналдық төлемдерді төлеуге бағытталған болса, пилоттық жобаны енгізу мәселесінің бастамашысы болар едім.
Облыс бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне нарықтан 20 па-йыз төмен бағамен әлеуметтік базарлар және дүкендер желісін дамыту негізгі жобаларымның бірі.
ТҮКШ. Шетелдік инвесторларды тарту арқылы Ақмола облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету, Көкшетау қаласында жылу электр стансасын салу сияқты өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Білім беру. Шағын орталықтар және балабақшалар құрылысына қолдау жасаймын, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін қолданамын, білім беру саласы сапасын көтеремін.
Менің бағдарламамда көп нәрсенің жетіспейтіндігін түсінемін, өз идеяларымды мақұлдаудың кез-келген мүмкіндігіне қуанамын және сіздердің маңызды мәселелеріңізді шешуге дайынмын. Біз өз елімізді мақтан тұтамыз, жарқын болашақты көздеп, қаншамасы жасалынып, ал, қаншасы әлі алда екендігін түсінеміз.
Сіздермен бірге барлығын да жасауға болады!
Өзім жайлы:
1986 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келдім, заңгер және қаржы менеджері мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар, еңбек өтілім 14 жыл. Энергетика, банк секторы, әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациялары саласында қызмет атқардым.
Әр жылдары «Оңтүстік-Медия» ЖШС («Корпорация» газетінің бас-пасы), «Түркістан қаласының муници-палдық базары» ЖШС, «СК-Финанс Микроқаржылық ұйымы» ЖШС  Қадағалаушы кеңесінің төрағасы қызметтерін атқардым.
«Шымкент қаласының аэропорты» АҚ, «Көкшетау Авиакомпаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесімін.
Үйленгенмін, жұбайым кәсіпкер, екі ұл тәрбиелеп отырмын.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар