Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Этноауыл сан көненің көзіндей - АРҚА АЖАРЫ

Этноауыл сан көненің көзіндей

 

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин және Дүниежүзі қазақтары құрылтайының делегаттары Астана қаласында «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған этноауылда болып, cәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесін аралап көрді.

  «Қазанат» атшабарында өткен шарада Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры актерлерінің орындауында «Алтыбақан» және «Құсың құтты болсын!» атты қазақ халқының әдет-ғұрып, салт дәстүрін бейнелейтін театрландырылған тарихи қойылым көрсетілді. Жиналған елдің назарына облыстың ең үздік шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы, көркем суреттер картинасын сату көрмесі, сәндік-қолданбалы халық шығармашылығы шеберлерінің жұмыстары ұсынылды.
Сал-сері, суырыпсалма ақындардың керуені бастаған әртістердің, қолөнер шеберлерінің, облыстың фольклорлық ансамбльдерін қатысуымен өткен театрландырылған қойылым жұртшылықтың көңілінен шықты. Халықаралық байқаулардың лауреаттары «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен «Гәкку» би ансамбльдерінің мың бұралған биші қыздарының бал-бұл жанған жүздерінен ұлттық рух ұшқындайтындай.
Әсіресе, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп Құтпанұлы тәрізді сал-серілер ән-жырымен тербеткен сайын Сарыарқа даласында ғажап тойдың дүркіреп өтіп жатқаны сезіліп тұрды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында этноауылда қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлерде қолөнер бұйымдарының жасалу сәтін бастан-аяқ көруге болады.  Қыз қуу, асық ату, саятшылық, ұлттық қолөнерді дәріптеген шеберлер – мұның барлығы көшпенділер өркениетін көз алдыңызға елестетеді. Аңыздан ақиқатқа қадам басып, өткен жүзжылдықтардың оқиғасын бір сәтте бастан өткергендей болдық десек асыра айтқандық емес.
Қазақтың тылсым тарихынан сыр шертіп, мәдениеті мен дәстүрін баяндайтын «Этноауыл» шетелдік қонақтармен қатар, жергілікті халықтың да қызығушылығын тудырды.
– Осындай тамаша шара ұсынып отырған ақмолалық әртістерге алғысым шексіз. Барлығы керемет. Жоғары деңгейде өтті, – дейді астаналық Әйгерім Беделханқызы.
Жамбы ату, теңге алу, аударыспақ, басқа да ұлттық спорт түрлерінен қызулы жарыстар өтті. Этноауылдың басты мақсаты – қазіргі заманғы Қазақстанның мәдени әртүрлілігін көрсету. Тағылымы мол тарихы мен салт-дәстүрлерінен қол үзбегендігін, керісінше, тамыры терең ұлттық құндылық өркендеудің берік діңгегіне айналғандығын астаналықтар мен ЭКСПО қонақтарына паш ету. Бұл жағынан алғанда ақмолалықтарды діттеген мақсаттарына жетті деуге болады.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар