Кәсіпкерлер жабдықтаушыға шағым түсірді

Бизнестің өткір мәселелерін анықтап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында қадағалау органдарының өкілдері мен кәсіпкерлер апта сайын кездесу өткізу жөнінде бастама көтерген болатын.  Осы орайда, облыстық кәсіпкерлер палатасында кезекті «Прокурор сағаты» болып өтті.

  Күн тәртібінде тағы да «Көкшетау Энерго» серіктестігінің әрекетіне келіп  түскен арыз-шағым қаралды. «Арқа сәулет» серіктестігі компанияның Бурабай ауданы аумағындағы тұтынушысы болып, нысанды электр жүйелеріне қосу жөнінде өтінім берген. Энергетиктер кәсіпорынның жаңа иесіне тым жоғары талаппен техникалық ұсыныс жіберген. «Арқа сәулет» серіктестігі басшылығының айтуынша, «Көкшетау Энерго» серіктестігінің филиалы болып табылатын «Восток Энерго» тарапынан электр қуатын беруді шектеу жөнінде қысым көрсетілуде. Компания сараптама жасады. Нәтижесінде иесі ауысқан кезде техникалық ұсыныс талап етілмейтіні анықталды. Облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Қаныбек Тоқсанбаев жасалған сараптама қорытындысы бойынша техникалық ұсынысты мәжбүрлеп берген кәсіпорынды сотқа беруді ұсынды. «Көкшетау Энерго» серіктестігі сараптама қорытындысымен келіспеуге құқылы.
– Егер «Арқа Сәулет» серіктестігінде әлеуметтік келіспеушілік фактісі анықталса, прокурорлық жауап қайтару шарасы қолданылады. Энергокомпанияда қажетті ресурстар бар деп ойлаймын, – деді прокурор. «Восток Энергоның» әрекетіне бурабайлық кәсіпкерлерден тағы бір арыз-шағым түсті. Қатты желдің салдарынан «МПК ОСКО» серіктестігіндегі электр қондырғысы қоршауының есігі құлап,  пломбасы алынып қалған. Келесі күні кәсіпорын энергетиктерге бұл жағдай жөнінде баяндап, есікті қалпына келтіріп беруін өтініпті. Бірақ, энергокомпанияның өкілдері үш күннен кейін келген. Пломбаны қалпына келтірген олар кәсіпорынға бес жүз мың теңге айыппұл салыпты.
– Бұл жағдай бақылауда, – деді қадағалау мекемесінің өкілі. Салықшылардың әрекетіне «Елім-ай 2005» серіктестігі басшылары шағымданды. Өткен жылы кәсіпорын банк шотындағы дебиторлардың қаржысын өндіріп алу жөнінде ескерту алды. Серіктестік 20 күннің ішінде агентпен өзара есеп айырысу  актісін ұсынуы тиіс болатын. Компания актіні уақытында тапсырды. Бірақ, салықшылар белгіленген мерзімді күтпей, ақшаны бюджет алдындағы салық қарызын өтеу есебіне аударған. Бұдан кейін тексерістер басталыпты. Ал, кәсіпорын болса шығынға батты. Шетелдік әріптестермен келісім міндеттемесі бұзылуда.
– Іспен мұқият танысу үшін палата облыстық прокуратураға хат жолдаулары қажет. Оны қараудың қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады. Сіздермен тікелей тілдесу өткір, жүйелі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлердің барлық өтініштері құқық қорғау саласында ерекше бақылауда тұр, – деді Қаныбек Тоқсанбаев.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар