Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күні-түні ел тыныштығының қырағы күзетінде - АРҚА АЖАРЫ

Күні-түні ел тыныштығының қырағы күзетінде

 Облыс әкімінің орынбасары Егор Каппельдің қатысуымен өткен   Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара аясында қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіш монумент ашылып,  қауіпті де қауырт жұмыстарында жақсы жетістікке жеткен полиция қызметкерлері марапатталды. 

 

Салтанатты шара облыстық ішкі істер департаменті ғимаратының алдынан ашылған, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің есімдері қашап жазылған ескерткіш тақта мен монументті ашудан басталды. Ескерткішті облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель мен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Сәденов ашты. Тәуелсіздігімізді алған ширек  ғасырдан астам уақыт ішінде ел тыныштығын қорғау жолында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 39 полиция қызметкері қаза тапқан екен. Жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды.
Бұдан кейін салтанатты шара «Көкшетау»  мәдениет сарайында жалғасып, ҚР Ішкі істер министрі генерал-полковник Қалмұханбет Қасымовтың облыс полицейлеріне арнаған құттықтауы оқылды. Облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель полиция қызметкерлерін 25 жылдық төл мерекелерімен құттықтап «Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан астам уақыты ішінде біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл жетістіктерде сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол» дей келе, еліміздің ішкі тыныштығын сақтау және қылмыспен күрес сияқты жауапты да қастерлі міндетті мойындарына алған полиция қызметкерлеріне ізгі тілегін білдірді.
Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Ержан Сәденов сонау 1992 жылдың 23 маусымында сол кездегі Жоғарғы Кеңес депутаттары қабылдаған  «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңы негізінде құрылған тәуелсіз еліміздің милиция, кейін полиция аталған құрылымының жүріп өткен тарихи жолы мен жеткен жетістіктері, облыс полицейлерінің қоғамдық тыныштықты сақтап, қылмысқа қарсы күрес бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында жан-жақты баяндап  берді.  
– Бүгінгі полиция қазіргі заманғы озық техникамен жарақталған, өз міндеттерін орындауға қажетті кәсіби білімі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі құрылым болып табылады. Қоғамымыз дамыған сайын  ішкі істер органына жүктелер міндет ауқымы да кеңейе түсуде. Өткен жылы ғана жеті ақмолалық полиция қызметкері «Айбын» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталыпты.  Қазіргі күні негізгі көрсеткіштер бойынша Ақмола облысының полицейлері респуб-ликада ең алдыңғы орындардың бірінде. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі жоғарылай түсті. Мұның бәрі полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін жоғары деңгейде орындайтындықтарын көрсетеді, –
деп атап өтті департамент басшысы.  
Саналы өмірлерінің көп жылдарын ішкі істер органындағы  қызметке арнаған ардагерлер зейнет демалысында болса да, қоғамдық жұмыстардан қол үзбей,  жастарға өз тәжірибелері мен біліктіліктерін аянбай үйретіп келеді. Салтанатты шараға қатысқан ардагерлер атынан облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы, отставкадағы полиция генерал-майоры Владимир Рыбинский 1990 жылдардағы  тәуелсіз еліміздің полициясының қалыптасу кезеңдерін еске алып, қазіргі Елбасы жүргізіп отырған саясаттың арқасында қол жеткен жетістіктерге тоқталды және барлық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаев та полиция қызметкерлерін  кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді  және ауыр да жауапты міндеттерін абыроймен орындауға тілектестігін білдірді.
Бұл күні өз қызметтерін адал орындап, жақсы қырларынан көрініп келген полиция қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болып, еңбектері еленгеніне қуанысып қалды. Облыс әкімінің, Ішкі істер министрі мен облыстық ішкі істер департаменті бастығының Алғыс хаттарымен бірге, көптеген полицейлер және еңбек ардагерлері «Қазақстан полициясына – 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісіне ие болды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертпен жалғасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар