Кітапхана – тәрбие көзі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамға көп ой салды.

  Мақаланы оқып шығып, қазіргі таңда өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше екендігіне көз жеткізетініміз айқын.
Кітапхана – білімнің қайнар көзі десек, адам жаны небір жақсылық пен кереметтің, ізгі ниетінің қайнар көзі. Елбасының түйінді  ойларының астары кең, салмағы ауыр, маңызы басым. Ауыл қазақ халқының ұлттық  тәрбиесінің негізі.  Тілі мен  ділі, салт-дәстүр, мәдениетінің  алтын бесігі. Білім жүйесінің реформалық-ақпараттық бағытқа көшуінде, оқушылардың ой-өрісі дамыған қазіргі заманда  белсенді азамат тәрбиелеуде  әр мектептің  жүрегі саналатын  ұстаздардың міндеті зор деп білеміз.
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда кітапханашылардың алдында  үлкен  міндет күтіп тұр. Жастарды отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды берік ұстануға үйретуге  тәрбиелейтін  танымдық тағылымдық  кештер ұйымдастыру аса қажет.   Мәдени шаралар оқушылардың  ой-өрісін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне таптырмайтын мүмкіндік.
Біздің ауыл  мектебінің кітапханасы кішкентай болғанымен, атқарар жұмысы ауқымды. Кітапханаға оқушылар жиі келіп, қажетті әдебиеттерді алып оқиды, сөйтіп, білімдерін толықтырады. Оқушыларды  кітап оқу мәдениетіне, кітапқұмарлыққа, білімпаздыққа  тәрбиелеу бағытында кітапхана жүйелі түрде  жұмыс істеп, осы тұрғыда мультимедиялық  мүмкіндіктерді де барынша  пайдалана түсуде. Кітап көрмелерін, пікірталас сайыстарын ұйымдастырып, әр атаулы  күнге  кітап көрмелерін,  сынып сағаттарын өткіземіз. Осылайша өскелең ұрпақты кітап нәрімен сусындатуда белгілі бір тәжірибеміз де, жетістігіміз де бар деп айтуымызға болады.  

    Айман ҚАЛИЕВА.
Атамекен орта мектебінің  кітапхана меңгерушісі.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар