Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тілсіз жаумен күресте шегінбейді - АРҚА АЖАРЫ

Тілсіз жаумен күресте шегінбейді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі №1 Көкшетау мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне баспасөз турын ұйымдастырды.

 

Бұл өрт сөндіру бөлімі 1992 жылы бұрынғы радио зауыттың базасында құрылған. Бөлімнің негізгі міндеті –  төтенше жағдай салдарын жою, өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмысын ұйымдастыру кезінде адамдарды құтқару болып табылады. Қазір ұжымда жетпістен астам өрттен құтқарушы еңбек етеді. Күн са-йын он бес өрттен құтқарушы әскери кезекшілікке кіріседі. Біз бөлімде болған күні жеке құрамның жұмысы сап түзеуден басталды. Мұнда олар тәулік ішінде болған оқиғаны талқылап, алдағы жоспарын белгіледі. Сондай-ақ, техника қауіпсіздігі мен тәртіп мәселесі де көтерілді. Көзге түскен өрттен құтқарушы әріптестеріне үлгі-өнеге етілді. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Жанат Сексенбаев өз сөзінде соңғы жылдары адамдарды апаттан құтқарғаны үшін «Айбын» орденімен жүргізуші Юрий Новосельцев, «Ерлігі үшін» медалімен екі құтқарушы марапатталғанын айтып өтті.
– Біз үшін адамның өмірі қымбат. Сондықтан, ең алдымен адамдарды құтқарамыз, – дейді бөлім басшысы. Бұдан кейін біз қарауылдардың ауысу тәртібін көріп, кестеге сәйкес өткізілетін өрттен құтқарушылардың сабағына қатыстық. Бөлім басшысы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Жанат Сексенбаев арнайы техникалармен, құрал-жабдықтармен және қызмет киімдерімен таныстырды. Біз бастапқы кездің өзінде-ақ, өрттен құтқарушының жұмысы қиындығын аңғардық. Өйткені, барлық киімдер мен арқасындағы аппараттың салмағы 40 келі. Бұнымен биік өрт сөндіру машинасына міну, автобаспалдақпен көпқабатты үйге көтерілу оңай емес. Өрттен құтқарушылар дабыл қағылғанда әлгі киімдерді 30 секунд ішінде киіп, өрт сөндіру машинасына жылдам отырды. Сондай-ақ, олар баспалдақпен жүгіріп, жаттығу мұнарасының екінші қабатындағы терезеге көтерілді. Өрттен құтқарушы Ілияс Жексенбаев әскери борышын өтегеннен соң бұл мамандықты өзі таңдап алғанын айтты.
– Мамандығым өзіме ұнайды. Бір жылдың ішінде бірнеше мәрте өрт сөндіруге қатыстым. Өртті тез сөндіруге тырысамыз. Ұжымымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етуде. Бір-бірін әрқашан қолдайды. Қолдау әсіресе, өрт кезінде қажет. Артыңда сенімді адам тұрғанын сезінесің, – дейді Ілияс Жексенбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар