Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай ауданына – жаңа әкім - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай ауданына – жаңа әкім

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде, өз өкімімен Қанат Қарауыловты аудан әкімі лауазымына тағайындады.

 

Аудан активінде облыс әкімі ауданның бұрынғы әкімі Төлеген Жұмабекұлы Тәшмағамбетов басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылғанын айта келе, аудандық мәслихат депутаттарынан  жаңа әкімнің кандидатурасын қолдауды сұрады.
Ұсынған кандидатураны аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс бергеннен соң облыс әкімінің 2017 жылғы 26 маусымдағы өкімімен Қанат Қарауылов  Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды.
Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту тұрғысындағы Елбасының тапсырмалары туралы таратып айта келіп, алда тұрған бірінші кезекте атқарылуға тиісті жұмыстарды саралап берді. Міндет межесімен бірге сенім де білдірілді.
Өз кезегінде  Қанат Қарауылов өзіне көрсетілген сенім үшін облыс әкімі мен аудан депутаттарына алғысын білдіріп, күш-жігерін аянбай жұмсайтындығын жеткізді.
Қанат Серікұлы Қарауылов 1971 жылы  Целиноград облысының Атбасар қаласында дүниеге  келген. Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Қанат Қарауылов еңбек жолын 1999 жылы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамында бастап, осы салада бірқатар лауазымды қызмет атқарған.
2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, стратегиялық және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет істеді.  
2013-2014 жылдары Аршалы ауданының әкімі, 2014-2015 жылдары Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, одан соң Қазақстан Республикасы Парламентінің шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті- нің Іс басқармасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар