Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұқалмасын қаламың, таусылмасын жазарың! - АРҚА АЖАРЫ

Мұқалмасын қаламың, таусылмасын жазарың!

 

Кеше «Достар»  мәдениет сарайында 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі  өзіндік сән-салтанатымен кеңінен аталып өтті.

Салтанатты шараға облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, журналистика ардагерлері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері, байланыс саласының қызметкерлері қатысты. Өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің атынан облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель құттықтау сөзін айта келе, журналистер мен байланыс саласының қызметкерлері еліне адал қызмет етіп келе жатқандықтарына тоқталып, атқарып жатқан жұмыстарының маңызы мен мәнін ерекше екпін түсіріп мерекелік реңмен баяндады.
 – Халықты ел мен жердің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жаһандағы жаңалықтан хабардар етіп отырған газет пен журнал, радио мен телевизия қызметкерлері – журналистердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,–деді ол өз сөзінде, –қаламын қару еткен тілші қауым әрдайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айнала білуде. Қазіргі таңда облыс аумағында 96 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс істеуде.  Оның 81-і баспа, 15-і электронды  ақпарат құралдары. Сондай-ақ, республикалық БАҚ-тың 20 меншікті тілшісі еңбек етуде.  Мемлекеттік БАҚ өңірдегі ақпарат кеңістігінің 45 пайызын қамтиды.  Баршаңызға шалқар шабыт пен шығармашылық табыс тілеймін.      
Салтанатты шарада бірқатар журналис-тер облыс әкімінің Алғыс хатына ие болып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан облыстық «Алтын қалам» байқауының жүлдегерлері марапатталды. Байқауға облыстағы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері мен ардагер журналистер  бірнеше аталым бойынша қатысқан екен.
Марапатталғандардың арасында облыстық «Арқа ажары» газетінің фототілшісі Берік Ескенов те бар. Сонымен қатар, еңбек ардагері, белгілі журналист Сайлау Көшкенұлы да «Өңірлік БАҚ-ты дамытуға үлес қосқаны үшін» аталымында жеңімпаз атанып, еңбегі ескерілді. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат  министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық басқармалар мен ведомстволардың атынан түрлі сыйлықтарға ие болған журналистер марапатталды. Олардың арасында облыс әкімінің Алғыс хатын алған  руханият бөлімінің меңгерушісі Ұлмекен Тыныштыққызы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникация-лар қызметінің Құрмет грамотасымен марапатталған экономика бөлімінің меңгерушісі Рамазан Тілеуовтер бар. Айта кетуіміз керек, жиында байланыс саласының да озат қызметкерлері әртүрлі марапаттарға ие болды.
Атап айтсақ, «Қазпошта» АҚ өндіруші-техникалық және ұйымдастырушы сұрақтары бойынша аға нұсқаушысы Анар Ахметова, Көкшетау қаласындағы «Астанателеком» өңірлік коммуникациялар дирекциясының жергілікті желілерге қызмет көрсету орталығының желілі абонент цехының басшысы Елемес Айтқожиндер бар.     
Журналистердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараның соңы  көрермен қауымның көңілін көтерген ажарлы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.   

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар