Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 шілдеден бастап зейнетақы көбейеді - АРҚА АЖАРЫ

1 шілдеден бастап зейнетақы көбейеді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы төлеуге байланысты қайта есептеулер жүргізді. 2,1 миллионнан астам зейнеткер 1 шілдеден бастап 11 пайызға жоғарылаған зейнетақы алады.

Жыл басында олардың зейнетақысы 9 пайызға өскен болатын. Сондай-ақ, базалық зейнетақы жыл басында 7 пайызға артқандығын ескеретін болсақ, бұл топтағы зейнеткерлердің зейнетақысы 13 пайызға артпақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында нақты белгілеп берген тапсырмалар орындалуда.
Сонымен бірге, 2017-2018 жылдарға арналған құжатта көрсетілгендей, республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері де кезең-кезеңмен көбейтіледі. 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда, 1 шілдеден бастап бұл топтағы зейнеткерлер 20 пайызға көтерілген зейнетақы алатын болады. Мысалы, егер зейнетақының ең төменгі мөлшері (базалықты есепке алғанда) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 40950 теңгені құраса, енді 1 шілдеден бастап ол 45711 теңге болады. 2016 жылмен салыстырып қарасақ, зейнетақының ең төменгі мөлшері 37789 теңге болды. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері осы жылдың 1 шілдесінен бастап 14466 теңге, ал зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) 66676 теңгеге дейін жоғарылайды.
Зейнетке шыққан адамдардың барлығының да зейнетақысына қайта есептеулер жүргізіледі. Бұл үшін қосымша құжаттар талап етілмейді.
Ана мен балаға қолдау көрсету мақсатында 1 шілдеден бас-тап, бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері де 20 пайызға өседі. Бірінші, екінші және үшінші балаға төленетін жәрдемақы көлемі 38 АЕК немесе 86222 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 63 АЕК немесе 142947 теңге төленетін болады.
Жұмыс берушілердің назарына, 1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі басталатындығын еске саламыз. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде төленетін аударымдар мен жарналарға арналған ағымдағы есепшот ашылды.
Венера ХАМЗИНА,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы
ҰАҚ баспасөз қызметінің
мәліметтері бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар