Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардагерлер топ жарды - АРҚА АЖАРЫ

Ардагерлер топ жарды

Қазақтың жауырыны жерге тимеген балуаны, «күш атасы» атанған әйгілі Қажымұқан бабамыз: «Қайран күш бір кеткен соң қайта қонбас, қанша жыл болсаңдағы жақсы жолдас. Туған жер, алтын бесік ата мекен, сүймеген елін, жұртын жігіт оңбас» деп айтқан екен.

 

Расында да, қандай күшті болсаң да, оның бәрі уақытша ғана, бірақ,  елін-жерін сүйген азаматтың есімін елі қадірлеп, есте сақтайды. Міне, сол Қажымұқан бабамыз айтқандай, елін-жұртын сүйіп, еліне елеулі еңбегін сіңіріп, Атбасар өңіріндегі қазақ күресінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген  білікті бапкер, балуан Болатбек Қожаевты қалай мадақтаса да, артық болмас.
 Бала жасынан боз кілемде белдесіп, талайдың жауырынын жерге тигізген  Болатбек Шахмұратұлы күрестің бірнеше түрін меңгерген. Соның бірі – самбодан халықаралық дүбірлі жарыстарға қатысып, небір мықтымын деген балуандардың сағын сындырған  хас шебердің өзі. Ердің жасы елуден асып кетсе де, тұғырдан түспей, ардагер балуандар арасындағы жарыстарға қатысып, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде.  Қазақтың рухани астанасы  саналатын Түркістанда самбо күресі шеберлері ардагерлерінің арасындағы ел чемпионатында Сарыарқа төсінен барған балуандар жастары келіп қалса да, белдескенді бұрап, алысқанды алып ұрып, шеберліктерін көрсетті.
Атап айтатын болсақ, Марат Түсіпбеков (Қорғалжын) 50-54 жас аралығында 74 келі салмақта белдесіп, чемпион атанды. Сонымен бірге, көкшетаулық Мұхтар Усин  55-59 жас аралығындағы балуандарды бірінен соң бірін жығып 74 келі салмақта алдына жан салмады. Ал, атбасарлық балуан Болатбек Қожаев 55-59 жас шамасында 90 келі салмақта белдесіп, Қазақстан Республикасының самбо күресі чемпионатында жүлделі ІІ орынды еншіледі. Бұл аты аталған балуандар еліміздің самбо күресінің құрамасына қабылданды. Жалпы, дүбірлі додаға еліміздің әр аймақтарынан келген 200-ден астам ардагер балуандар қатысқанын айта кетейік. Жарыс жеңімпаздары Түрік елінде өтетін самбо күресінен әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
 Темірбек ҚАСЫМЖАНОВ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар