Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Авиамеханик Ғазез Жақыпұлы - АРҚА АЖАРЫ

Авиамеханик Ғазез Жақыпұлы

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2015 жылдан бастап «Жеңіс Батырлары» атты жоба қолға алынып,  қала, облыс тұрғындары музей қорына көптеген мұражайлық заттарды сыйға тартып жатыр. Олардың арасында ардагерлердің ордендері мен медальдары, құжаттар, майданнан келген хаттар, фотосуреттер, жеке заттары бар. Міне, сондай құнды мұрағаттардың қатарында майдангер Ғазез Жақыпұлының суреттері мен хаттары да бар. Соғысқа қазақтардың арасында көп кездесе бермейтін мамандық – авиамеханик болып қатысқан майдангердің соғыстағы ерлік жолы атап өтуге тұрарлық.

Отан соғысы жылдарында авиамеханиктерді  ұшқыштардың періштелері, оққағары деп атаған екен. Олар ұшақ үстінде жаумен қанды шайқасқа қатыспаса да, ұшақтың мүлтіксіз жұмыс істеп, тапсырылған жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындауына жауап берген. Ақмола облысы Атбасар ауданына қарасты Қосбармақ ауылының тумасы Ғазез Жақыпұлы да сондай жауапты міндетті атқарған. Қазақ баласының әуе ұшағының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін авиамеханик сияқты күрделі мамандықты меңгеруі және оны үлкен шеберлікпен орындауы қайран қалдырады.  
Ғазез Жақыпұлы Қосбармақ ауылында 1917 жылы Жақып Мүсінұлы мен Жанкүміс Манамбайқызының жанұясында  дүниеге келген. Үш қыздың ортасындағы жалғыз ұлды әке-шешесі еркелетіп өсіреді. Оның балдәурен балалық шағы аталмыш ауылда құрбы-құрдастарының арасында өтеді.  Есейген Ғазезді әкесі Атбасардағы  гимназияға оқуға береді. Сол білім ошағының 4 сыныбын тәмамдаған бала қайта ауылға оралады. Көп ұзамай қазақ жеріне ұжымдастыру, оның соңы аштыққа ұласып, қиын-қыстау кез келеді. Ғазездің әкесі  Жақып  малды, орта дәулетті кісі болыпты. Ол кәмпескеге ілініп, малын тартып алып, өзін түрмеге жабады. Бірақ Атбасар түрмесінде жатып ауырып, содан денсаулығына байланысты түрмеден шығарады. Туған ауылына келген ол ашаршылық басталған тұста жалғыз ұлын аман алып қалу үшін қалада тұратын туысына жібереді. Бойы бекіп, буыны қатпаса да Ғазез Жақыпұлы 1939 жылға дейін Еңбекшілдер ауданындағы «Каззолото» трестінің алтын өндіретін Степняк комбинатында жұмыскерлер қатарында еңбек етеді. Жасына қарамастан жұмысқа орналаса алған себебі  дене бітімі зор, бойшаң болған екен. 1939 жылы жауынгер қатарына қабылданғанда  оның  бойы 195 сантиметр болыпты.    
Соғыс басталғанда 562-ші жойғыштар авиаполкында Кеңес  Одағының Батыры, ұшқыш Иван Николаевич Калабушкиннің авиамеханигі болады.   И-153 «Чайка» атты жойғыш ұшағы, кейін Як-1 Ғазекеңнің бақылауында болған. 1941-1945 жылдар аралығында И.Н.Калабушкин 361 рет аспанда шайқасып, жаудың көптеген ұшақтарын талқандайды.  Осы жетістіктерде Ғазез атаның да қосқан үлесі зор еді. Авиамеханиктің міндеті әскери ұшақтың мүлтіксіз жұмыс істеуін, кез келген сәтте көкке көтеріліп, әскери тапсырманы орындауға дайын тұруын қамтамасыз ету десек, Ғазез ата сол міндетін әрдайым ойдағыдай орындаған. Жаудың жүздеген ұшағын талқандаған Батырдың әуе кемесінің әскери тапсырмаларды мүлтіксіз орындауы авиамеханиктің шеберлігі мен кәсіби деңгейінің жоғарылығын дәлелдейтіні анық.
Соғыстың алғашқы күнінен қан майданда шайқаста болған ол Батыс елдерінің біразын азат етуге қатысады. Ұлы Жеңіс те келіп жетті. 1945 жылдың 24 шілдесінде Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысу үшін басшылық тарапынан бұйрық алған Ғазез  Жақыпұлы кенет науқастанып қалуына байланысты бұл тарихи шеруге қатыса алмай қалады. Ол әскер қатарынан тек 1946 жылдың шілде айында босап, туған ауылына оралады. Туған  үйде бірер апта аунап-қунап демалған соң, Көкшетауға келіп, механикалық зауытқа жұмысқа орналасады. Сөйтіп ол зейнет демалысына шыққанша осы кәсіпорында жұмыс істейді. Майданда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше жауынгерлік медальмен марапатталған ардагердің еңбек майданынан алған наградалары да жетерлік.
Ғазез атаның бақилық болғанына біраз жылдар өтті. Артында қалған ұрпақтары Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, Батыр ұшағының механигі болған аталарын мақтанышпен еске алады.

Гүлім РАХЫМЖАНОВА, облыстық тарихи-өлкетану       
музейінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар