ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 500 000-нан асты

 

«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келді.

2017 жылдың 29 маусымында кешкісін Халықаралық мамандандырылған көрменің 500 000-шы келушісі тіркелді.
ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы аптасында күнделікті қонақ саны орташа 22 840 адамды құрады.
Ал, 29 маусымда келушілердің саны 36 000-нан асты. Айта кетейік, бұған дейін алғашқы болжамдарға сүйене отырып, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің көрермендерінің саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп хабарланған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар