Әкім азаматтарды қабылдады

 

Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин партияның облыстық филиалында жеке мәселелеріне байланысты азаматтарды қабылдады.

Облыс басшысының қабылдауына кірген Меңтай Нұрбекова өткен жылы Алматыдан көшіп келгендерін, төрт баласымен бүгінде пәтер жалдап тұратынын айтып, қызмет пәтерін алып беруге көмектесуін сұрады. Оның жолдасы облыстық қорғаныс департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарады екен. Бұл мәселеге байланысты Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев түсінік берді. Әскери қызметшілердің отбасына  да Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сай баспана беріледі. Бүгінде қалада бас-пана, оның ішінде қызметтік пәтер алу бойынша да кезек күткендер қатары көп. Яғни, заң талаптарына сай әскери қызметші отбасы да жалпы кезек бойынша баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, аталмыш заң талаптарына сай әскери қызметшілердің отбасына қызметтік пәтер алғанға дейін жалдап тұратын баспана ақысы мақсатты өтемақы есебінен төленеді. Қала әкімі бүгінде көп адамдарға баспана алу мүмкіндігін тудырып отырған «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы пәтер алуға болатынын айтып және оған қолдан келгенше көмектесуге уәде берді.
Облыс әкімінің қабылдауында болған қала тұрғыны Сәрсембай Сердалин Краснояр кентінің  іргесінен салынған «Нұрлы көш» шағын ауданы мен күре жолдың бойындағы үйлердің жайын айтып, жол қатынасы мәселелерінің күрделі болып отырғандығына назар аударды. «Бізде электр жарығынан басқа ештеңе жоқ. Жолдарымыз ойқы-шойқы, жолдың нашарлығынан автобус  келмейді, қоқыс тазаланбай айлап-жылдап шашылып жатады» – деді ол. Дегенмен, тұрғындарды алаңдатып отырған ең басты мәселе мектептің жоқтығы. Осы аумақта 600-дей мектеп жасындағы бала,  300-дей бала бақшаға баратын бүлдіршіндер бар екен. «Балалар аялдамаға жеткенше ойқы-шойқы жолмен бір шақырымдай жүріп барады, содан автобусқа отырып қыстырылып-қымтырылып қалаға жетеді, әсіресе, көктем, қыс айларында қиын» – дейді Сәрсембай Сердалин. Сол маңайдан биыл көктемде жұртшылықтың  сұрауымен мектеп құрылысын бастаған екен, бірақ, бір айдан бері тоқтап қалғанға ұқсайды. Ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған да осы жай.
Бұл мәселеге  қатысты анықтама берген қала әкімі қаржы жетіспеушіліктен құрылыстың тоқтап тұрғандығын, таяу-да шешілетінін, мектеп құрылысының келесі жылы толық аяқталатынын айтты. Облыс әкімі ықшам ауданның орталық көшелерін жөндеп, автобус қатынасын жолға қоюды тапсырды.

 

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар