Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнер көгінде қанаты қатайып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Өнер көгінде қанаты қатайып келеді

Қазақтың «Тегі жақсы тегін болмас» деген тәмсілі бар. Көкшетау қаласындағы балалар музыка мектебінің шәкірті Дильназ Абақова облыстық, республикалық өнер байқауларының сан дүркін лауреаты атанып жүрген талабы мол талантты балғын. Оның осындай дүбірлі додаларда топ жарып, өнер биігін бағындыруы қанына біткен табиғи дарыны деп сеніммен айта аламыз.

Оны жастайынан өнерге баулып өсірген нағашылары. Дильназдың нағашы атасы Тұрлығожа Базаровтың есімі елімізге кеңінен танымал. Облыстық филармонияның К.Күмісбеков атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Тұрлығожа Базаров ағамыздың алдынан өткен шәкірттерінің өзі бұл күнде сахна саңлақтарына айналған өнер майталмандары десек асыра айтпағандығымыз. Нағашы әжесі Бақыт апамыз да айтулы қобызшы. Дильназдың анасы Дина да өнерден құралақан емес. Анасы Дина Тұрлығожақызы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның түлегі, қазіргі таңда Чайковский атындағы музыкалық колледжінің фортепиано мамандығы бойынша дәріс береді. Нағашылары Жанна, Ербол, Біржандардың да есімі облыс жұртшылығына жыға таныс.
Беу, шіркін-ай, осындай өнерлі отбасында тәрбиеленіп, уызынан қазақ тіліне, дәстүріне, ұлттық өнеріне қанып, жүрегіне сіңіріп өскен балдырғанның болашақта өз ғұмыр жолын өнермен байланыстырмауы да мүмкін емес сияқты. Мінекей, енді Дильназ да өз өнерімен елді тәнті етіп, жақсы атымен ел аузында жүр. Көкшетау қаласындағы балалар музыка мектебінде өз ісінің шебері, ұлағатты ұстаз Дина Насырова тәлім беретін фортепиано сыныбының оқушысы жас дарын облыстық, республикалық байқауларда оза шауып, жеңімпаз атануда.
Таяуда ғана Алматы қаласында өткен «Жас талант» халықаралық өнер байқауында Бас жүлдені жеңіп алып, балғын өнерпаз өз мерейін өсіріп, ел абыройын аспандатты. Біз өнерпаз қыздың бұған дейін де Семей қаласында өткен Л.Хамиди атындағы республикалық пианистер байқауында, 2014 жылы «Балдәуренде» өткен І-ші Халықтар ассамблеясы «XXI ғасыр таланты» өнер додасында, 2015 жылы ІІ-ші «XXI ғасыр таланты» байқауында, 2016 жылы Астана қаласында өткен балалар музыка шығармашылығының V-ші ашық «Астана – Арай» фестивалінде, үстіміздегі жылы М.Бексейітов атындағы І облыстық байқауында бірінші орындарды иеленгенін білеміз. Өздеріңіз байқағаныңыздай, талабы зор талантты жауқазын қатысқан конкурстардың барлығында бірінші орынды жеңіп алып, өнер бәйгелерінің аламанында ақ боз атының маңдайы жарқырап, оза шауып жүр. Дей тұрсақ та, оқуда озат, ізденімпаз, еңбекқор, өнерпаз қыздың алар асуы, шығар биігі алда. Біздіңше, өнердің киелі ордасы атанған Көкшетау дейтін қасиетті өлкенің атағын аспандатып, абыройын асыратын, өз өнеріне әлем сахнасын мойындата алатын Дильназдай жас өскіндер. Олай болса, өнер көгінде қанатың талмасын, жарқыным!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар