Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жидек те жігерліге өседі - АРҚА АЖАРЫ

Жидек те жігерліге өседі

 

Ерейментаулық жеке кәсіпкер Светлана Мирошниченконың мемлекеттік гранттың көмегі арқылы экологиялық таза жолмен өсірген құлпынай өніміне  сұраныс артуда

 

Жеке кәсіпкер бірнеше жылдан бері құлпынай өсіруді қолға алып келеді. Жақында ол басқаратын «Фрутика» жеке кәсіпкерлігіне мемлекет тарапынан қайтарымсыз 3 миллион теңге грант бөлінген.
Кәсіпкер бұл қаржыға тамшылатып суару жабдықтарын сатып алып, отбасымен бірге 0,7 гектар аумаққа құлпынай өсіріп отыр. Алқапта құлпынайдың ремонтантты сорты ешқандай химиялық тыңайтқышсыз, табиғи жолмен өсірілуде. Құлпынайдың бұл түрі өнімділігімен, яғни, бір маусымда бірнеше рет гүлдеп, өнім беретіндігімен ерекшеленеді.
«Біз өсіріп отырған құлпынайдың сапасы өте жоғары. Пестицидтерді мүлдем қолданбаймыз. Сол себепті, ашық аспан астында табиғи жолмен өсірілетін құлпынайымыз дәмді әрі адам ағзасына қажетті дәрумендерге толы. Жалпы, жидектерге рұқсат етілген нейтраттар мөлшері  60 мг/кг болса, біздің құлпынайда бұл көрсеткіш 0,2 мг/кг құрайды»,–дейді Светлана Мирошниченко.
Кәсіпкердің айтуынша өнім негізінен Астана қаласы мен аудан тұрғындарына сатылуда. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Алқапта екі адам еңбек етеді. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейту жос-парда бар.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар