Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы Астананың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы Астананың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Мемлекет басшысы елорданың айналасындағы жасыл аймақты тікұшақпен аралап, оған дәстүрлі түрде қырғауылдар мен еліктер жіберу шарасына қатысты.

Сондай-ақ, іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Қазақстан Президенті бүгінде Астана маңындағы 80 мыңға жуық гектар жерге ағаш отырғызылғанын және 2020 жылға қарай оның аумағы 100 мың гектарға жететінін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл желектің» жан-жануарлар мен өсімдік әлемінің әртүрлілігіне назар аударып, ағаш егуді көбейту жөніндегі жоспарлар туралы айтты. – Ғалымдар мен орманшыларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіремін. Бұл жерде ағаш өсіру оңай шаруа емес. Қазір мұнда үлкен орман алқабы пайда болды. Астананың айналасындағы орман кеңістігі жан-жануарлар мен құстар емін-еркін мекен ететін табиғи алқапқа айналды, – деді Елбасы.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті орман алқабының аумағында рекреациялық аймақ салу нәтижелеріне тоқталып, «жасыл желекті» «еліміздің тынысы» деп атады.
– Мұнда адамдар қанша өмір сүрсе, орманымыз да сонша уақыт тұрады. Бұл – еліміздің байлығы. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Ол «жасыл дамудың» қағидаттары мен идеясын ұстанатын қала ретінде Астананың имиджін нығайтуға септігін тигізеді. Елорда ішіндегі саябақтар да белсенді түрде жақсартылуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы болашақ ұрпақты, өз елінің нағыз патриот-
тарын тәрбиелеп өсіруде табиғатты сақтаудың және туған жерді құрметтеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

 

Мемлекет басшысының төрағалығымен Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті

 

Қазақстан Президенті орман алқабының аумағын тікұшақпен аралап көріп, «Балқарағай» демалыс аймағында орналасқан этноауылда болды, сондай-ақ «жасыл аймақты» дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен оны одан әрі көгалдандыру жоспарлары туралы хабардар болды.
Кеңесте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев есеп берді. Ол республикамыздың кәсіби ұйымдарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу Астана қаласы маңында «жасыл желекті» қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі шара болып саналатынын айтты.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов та қатысты.
* * *
Бүгінде мәдени-сауықтыру және рекреациялық мақсатпен ұзақмерзімді орман игілігін пайдалануға «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік орман қоры аумағынан 10 орман пайдаланушыға учаскілер берілген.
Сондай-ақ, Астана қаласының шетінде елорда тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін Қосшы мен Ильинка кенттері арасында велосипед жолы салынды. Бұл жаңа технологиялық стандарттарға сай салынған және ұзындығы 23 шақырымды құрайтын әрі орманды жерде орналасқан ел аумағындағы бірден-бір велосипед жолы саналады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар