Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бес жүзге жуық отбасы баспаналы болды - АРҚА АЖАРЫ

Бес жүзге жуық отбасы баспаналы болды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Астана күніне орай, Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданындағы жаңадан салынған тұрғын үй кешенінде 435 пәтердің  кілтін тапсыру салтанатына қатысып, қуаныш иелерін баспаналы болуларымен құттықтады.

Аталған үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынды. Көпқабатты жаңа тұрғын үйден баспаналы болғандардың дені жас және көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үй кезегінде тұрғандар.
– Елбасы әр Жолдауында халықтың баспана мәселесін шешу қажеттігіне ұдайы назар аударып келеді. Осы бағытта қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар облыс аумағында байыптылықпен жүзеге асырылып, көптеген тұрғындар пәтерлі болып, қуанышқа кенелуде. Оған «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана-2020», «Өңірлерді дамыту-2020» тәрізді бағдарламалар аясында бүгінгі жаңа пәтерлердің баспанаға мұқтаж жандарға берілуі айқын дәлел. Осы бағытта өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл да сол межеден көрінетін боламыз, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде. Пайдалануға берілген 435 пəтердің 135-і баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Қуаныш иелерінің арасында пәтер кезегінде ұзақ уақыт  тұрғандар да бар.
– Көптен бері армандап жүрген пәтеріме бүгін қол жеткізіп отырмын. Осынау қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес. Бюджетттік салада жұмыс істедім. 12 жыл үй кезегінде тұрдым. Игі істің басында жүріп, қуанышымызға ортақтасып жатқан баршаңызға алғысым шексіз, – деді жаңа пәтердің иесі Ырысжан Қожахметова.
Биылғы жылдың басынан бері Көкшетау қаласында 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жылдық жоспардың 70 пайызы. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар