Маусымның 10-ы күні өз есігін айқара ашқан қалашық аумағына мыңдаған мейман келіп, энергетика саласындағы соңғы бастамалармен танысып үлгерді.
Дүниежүзілік шараны ұйымдастырушылар алғашқы 30 күнде атқарылған оңды істерін қорытындылап, алдын ала нәтижелерін жариялады. «Астана
ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, көрмеге еліміздің әр аймақтарынан ұйымдастырылған топтармен көп келді. Оның 17700-і балалар болды. Негізінен адамдар Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарынан келді. Жалпы есеп бойынша көрмеге 130 мыңға жуық шетел азаматы келді. Бұл келушілердің 14 пайызын құрайды. Ресейден 35,5 мың адам, Германиядан 19 мың адам, Қытайдан 11,5 мың адам көрмені аралап көрді. ЭКСПО кезіндегі ашық аспан режиміне байланысты елімізде 21 әуе компаниясы 28 бағытта жұмыс істеп жатыр. Астанаға аптасына 166 рейс келеді. Мәліметке сәйкес, қаладағы қонақ үйлерге меймандар 60 пайызға дейін қоныстанған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда үш есе артық. Бір ай ішінде көрмеде 1031 ойын-сауық және іскерлік іс-шарасы ұйымдастырылды. Ел, Үкімет басшылары, комиссарлардың қатысуымен 84 хаттамалық іс-шара іске асырылды. 1 маусым мен 10 шілде аралығында жеңілдетілген екі акция ұйымдастырылды. Билеттің қосымша тағы бір түрі енгізілді. Жалпы, көрме штаттық режимде жұмыс істейді. Көрме кезінде ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.