Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі болып өтті. - АРҚА АЖАРЫ

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі болып өтті.

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі болып өтті.

 

Кеңеске облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық департаменттер, басқармалар мен ведомстволардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңесте облыс әкімі жиналғандарды соңғы кадрлық ауыс-түйістермен таныстырды. Осы орайда, облыс әкімінің үстіміздегі жылдың 10 маусымындағы өкімімен Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Олжас Абайұлы Бектенов Ақмола облысы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Олжас Абайұлы 1980 жылы туған, білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2002 жылы әділет органдарында бастаған. 2005 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесінде, одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде әртүрлі қызметтер атқарды. 2009 жылдан 2012 жылға дейін Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдарында қызмет істеді. 2015 жылдан 2016 жылға дейін Астана қалалық мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы, Астана қаласы  әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Секретариатының меңгерушісі болды.
Жаңа тағайындауға дейін Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті басшысының лауазымын атқарды. Екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Сондай-ақ, облыс әкімінің өкімімен Қали Сұлтанахмедұлы Рахметов Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Қали Сұлтанахмедұлы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын экономист-ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы мамандығы бойынша бітірген.   1982 жылдан 1990 жылға дейін Есіл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, аға экономисі, сондай-ақ, Торғай облысы Есіл аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған.
1990 жылдан 2011 жылға дейін Торғай және Ақмола облыстарының салық органдарында әртүрлі жауапты қызметтерде болды. 2011-2015 жылдар аралығында Есіл ауданының әкімі қызметін атқарды. Жаңа тағайындауға дейін  Есіл қаласында ЖШС-ы директоры болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар