Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парламенттегі жұмыстары жайында баяндады - АРҚА АЖАРЫ

Парламенттегі жұмыстары жайында баяндады

Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Мәжіліс депутаты ең алдымен, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясы депутаттарының Ұлы Қазан төңкерісінің 100 жылдығына орай атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, бұл атаулы датаны шама-шарқынша атап өтетіндіктерін айтты және Парламент қарауынан өтіп, биылғы жылы қолданысқа енгізілген заң жобалары жайлы әңгімеледі, Жер кодексінен жерді шетелдіктерге жалға беру, сату секілді тармақтарын алып тастап, заңды қазақстандықтардың мүддесіне орай ретке келтіргендіктерін, дәрі-дәрмектер мен азық-түлік бағасын реттеу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы да айтып берді. Осы орайда, халық қалаулысы мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы бөліп, әлеуметтік осал топқа жататын, жұмыс істей алмайтын адамдарға белгілі бір бағдарлама аясында есеп айырысу карталарын ашып беру туралы ойларын ортаға салды. Жұмыссыздық мәселесін көтеріп, қолынан іс келетін, бірақ, жұмыс істегісі келмейтін жатыпішер жалқауларға мемлекеттік көмек көрсетудің қажет еместігіне де назар аударды. Сонымен бірге, коммунистік партия мүшесі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің баспаналы болулары үшін, мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастыру керектігіне тоқталды. Елбасының рухани жаңғыру жайында жариялаған мақаласындағы прагматизм мәселелерін де кеңінен әңгімеледі.
Халық қалаулысының бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуіне жақында баласына Астана қаласында ота жасатқан Наурызгүл есімді ана келіп, депутатқа, партия мүшелеріне баласының емін тегін жасауға көмек қолын созғандары үшін алғысын білдірді. Бронхиалды астма дертімен ауыратын баласына әлі де дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдық қажет екен. Депутат оған да көмек беретіндігіне сендірді. Осы орайда, халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы оның өтініші бойынша бұл іске өз үлесін қосқандығын, екі партияның әріптестік қарым-қатынасына деген ризашылығын айтып берді.
Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген соң, халық қалаулысы көкшетаулық тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар