Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Спиннер қандай ойыншық?.. - АРҚА АЖАРЫ

Спиннер қандай ойыншық?..

Бүгінде балалардың ойыншықтарының ішінде спиннерлерге сұраныс көбейіп, ол жасөспірімдердің қолынан түспейтін құралға айналды. Ата-аналар оны балаларына сатып алып берген кезде зиянын да ескергендері жөн болар еді. Өйткені, сауда айналымында оның жасанды түрлері көбейіп, балалардың денсаулықтарына зиян келтіріп жатқан жайлар да жоқ емес.

 

Күнделікті жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, редакциядан шығып, ақырын аяңдап «Тігін фабрикасы» аялдамасына барамын. Жаңадан салынған «Бейбітшілік» шағын ауданына жеткізіп тастамаса да, жақынырақ апаратын №3 автобусты күтемін. Үнемі іші толық болатын көлікке қысылып, қымтырылып мен де мінемін. Қалалық ауруханаға дейін күнде осылай. «Отан мектебінің» қасынан үнемі бір бала айналмалы ойыншықты қолына ұстап автобусқа мінеді. Бір көрдім, екі көрдім, үшіншісінде өзін әңгімеге тарттым. Есімі Дәулен екен, ауылда тұрады. Жазғы демалысқа қалаға ағайын-бауырларына келіпті.
– Мен мұндай ойыншықты осында келгенде немере ағамнан көрдім. Қолымдағы жай ғана плас-
тиктен жасалған түрі. Оның дискі секілді металдан жасалған түрі өте күшті, ұзақ айналады, – деді бала. Мен одан:
– Ойыншықтың атауы қалай және оны не үшін ойнайсыңдар? –деп сұрадым. Ол маған қарап:
– Апай, соны да білмейсіз бе, бұл спиннер ғой. Ол психологиялық тұрғыдан шаршағанда көмектеседі, – дегенде өзім ойланып қалдым. Ойыншықтың атын білмегенім үшін әлгі баланың алдында ыңғайсыз жағдайда қалғаным өз алдыма, психологиялық тұрғыдан шаршайтындай жап-жас бұл балаға не көрініпті деген ой келді. Сөйтіп, үйге барғанша смартфонымды ашып спиннер жайлы ақпараттарды ақтара бастадым. Сөйтсек, ол көпшілік арасында кең тараған нәрсе екен және оған деген сұраныс та көп көрінеді. Өндірушілер мен сатушылар оны көбінесе «стреске қарсы ойыншық» деп жұртты қызықтырады екен. Ол тіпті, балалар ғана емес, ересектердің де смартфондардан кейінгі маңызды құралдарының біріне айналыпты. Ғаламтор желісінде белгілі бір сайттарды оқып отырсаң немесе интернет-дүкендерден қажетті затты сатып алайын деп қарасаң, спиннер туралы жарнамалар қайта-қайта маза бермей шыға береді. Әлгі бала сол ойыншықтың атын айтқанға дейін мен сол жарнамаларға мән де бермеппін.
Алақанға сыйып кететін титімдей ғана құралдың шынымен де психикаға, нерв жүйесін қалпына келтіруге көмегі бар ма екен деген мақсатпен ол туралы жазылған, бейнероликтер салынған барлық сайттардың ақпараттарын қарап шықтым. Сонда табылған ақпараттардың көбінде былай жазылады: «Ойыншықтың атауы «Fidget spinner» сөзінен шыққан, ұшқалақ адамдарға арналған ойыншық дегенді білдіреді. Оны екі саусақпен ортасынан басып тұрып, сыртқы бөлігін бір рет бағыттап айналдырып жібергенде кем дегенде екі минут бойы тоқтамастан айналып тұрады». Оны қолданушылардың да жасына шектеу қойылмайды. Кез келген адам пайдалана алады.
Интернет желісіндегі ақпараттарда ойыншықты осыдан ширек ғасыр бұрын американдық жас ғалым Кэтрин Хэттингер ойлап тауыпты делінген. Ол қолды аяққа тұрмайтын балаларға арналып жасалыпты. Үнемі бір нәрсеге тиісіп, ұстап, бүлдіріп жүретін балалар үшін таптырмас құрал екен. Сонымен бірге енді бір сайттарда ойыншықты ойлап табудың тағы бір себебі, аталмыш жас химиктің өзінің балалары да сирек кездесетін бұлшық ет ауруымен ауырыпты. Солар үшін жасапты-мыс.
Ойыншықтарға ол кезде онша қызығушылық болмағанымен, биылғы жылдың көктемінен бастап сұраныс күрт артып кеткен.  Әсіресе, қазақстандықтар көптеп алып жатқан көрінеді. Тіпті, қалалардың сауда орталықтарынан таба алмай немесе барын ұнатпай жатқандар Қытайдан, АҚШ-тан интернет тапсырыстар арқылы алып жатыр. Қазіргі уақытта 50 миллионнан астам спиннер сатылыпты деген де статистиканы көзім шалды.
Ғалымдар ол балалардың қолын қытырлату, тырнағын шайнау, үстелді тарсылдату секілді жағымсыз әрекеттеріне тосқауыл болады дегенді де айтады. Дегенмен, оқытушылар бұл ойыншықтың пайдасы бар дегенге сенбейді. АҚШ-тағы кейбір мектептерде оқушыларға спиннерді ұстауға да тыйым салыныпты.
Психолог мамандардың пікірінше, ойыншық ешқандай стрестен құтқармайды, жүйке қызметін қалыпқа келтірмейді. Балалар оны қалай қолдану керектігін білмейді, білген күнде де ересектер секілді шыр айналдыра алмайды. Оның орнына  басқатырғыш, құрастырғыш ойнаған жеңілдеу. Ол – уақытты өлтіруші. Соған кетірген уақытты одан да сурет салуға, кітап оқуға, бір нәрсе үйренуге арнағандары дұрыс деп санайды психологтар.  
Қазір жасанды спиннердің кейбірінің құрамынан сынап пен қорғасын қоспалары табылып жатыр. Егер балаңыз алып бер десе, оның зиянды жағын айтып, алмауға тырысқан жөн. Ал, сатып алатын болсаңыздар, қайсысы түпнұсқа, қайсысы көшірме екенін ажыратып, қауіпсіздігін тексеріп алған жөн дейді мамандар.  
Қарлығаш есімді мұғалім сіңілім қазір өткен оқу жылының басында енгізілген үштілді білім беру жүйесіне сай химияны ағылшын тілінде оқып жүр. Демалыс күні біздің үйге келгенде осындай ойыншық бар екен, құрамында сынап секілді қоспасы бар көрінеді, мұғалім ретінде не айтар едің дегенде, ол:
– Бұл ойыншық баланы ауру қылады. Шет мемлекеттерде әлдеқашан тыйым салынған, бізде керісінше трендке айналуда. Түртсең болғаны айнала жөнелетін ойыншық психологияға зиян келтіреді. Тіпті, интернетте осы спиннерден бетін, қолын, тісін жаралап алған балалар туралы ақпараттар көп. Сондықтан, оны алмай-ақ қой, – деп кеңес берді.
Ал, енді ойыншықтың бағасына тоқталсақ, 1 мың теңгеден бастап, ғаламторда 100 мың долларға дейін барады екен. Әсіре қымбаттары гауһартастармен көмкерілген. Спиннердің сананы жаулап алғандығы сонша, әншілер онымен клипке түсіп, ал, жасөспірімдер осы ойыншықтың көмегімен сау тістерін сындырып жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар