Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жоба көкжиегі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жоба көкжиегі

Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының салық  мәселелеріне арналған көшпелі отырысы болып өтті.

  Іс-шараға сонымен бірге, міндетті медициналық сақтандыру қоры мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері де қатысты.
Мәжілісті ашып, жүргізген Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев «Біздің  мақсатымыз салық салу саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді ашық талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік беру», – деді.
Шара барысында электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) қолданылуы,  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қатысты салық салу және шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салықтық режимдерін қолдану,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу,  жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4-ші деңгейіне өту сияқты мәселелер жан-жақты талқыланды.
Бүгінгі күні электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ)  ақпараттық жүйесінде  146 456 тұтынушы тіркелген. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда шот-фактураларды тек электронды нысанда шығаруға көшу процесі кезең-кезеңмен өтуде. Нәтижесінде, 2019 жылдың
1 қаңтарынан бастап, салық төлеушілердің барлығы ЭШФ қолдануға міндетті болады.
Отырыстың барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің жайы, оның халық үшін басты артықшылықтары айтылып, сондай-ақ, жүйенің жұмыс істеу тетігі толықтай түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шара аясында салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғалды. Нақты айтқанда, жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланып, бизнес қауымдастықты және жалпы қоғамды қызықтыратын басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Одан әрі секциялар жұмысы ұйымдастырылып, мәжілістің қорытындылары шығарылды.

Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар