Қосшыға мектеп салып береді

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласындағы белгіленген арнайы жобалар бүгінде ауылдық жерлерде кеңінен қолдау табуда.

  Мәселен, «Туған жер» бағдарламасының «Шағын Отанға қолдау көрсету» деген  бөлімі бар. Бұл орайда инвесторларды тарта отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін аймақтық жобаларды жүзеге асыру қажет.
 Целиноград ауданында ауыл-селоларды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына үлес қосуға ниетті меценаттар жетерлік. Мысал ретінде «Қазына-SR» ЖШС-нің директоры Сайра Матайбаеваның бастамасын атап өтуге болады. Ол осы жылдың 25 мамырында Қосшы ауылында облыс және аудан басшыларын қатыстыра отырып, 200 орынға лайықталған болашақ  мектептің іргетасына капсула салды. Құрылысшылар аталған нысанды уақытында тапсыруға міндеттеме алды. Бұл мектепте ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 12 кабинет болады. Жобаның жалпы құны 350 миллион теңге.
Президенттің «Туған жер» бағдарламасына өңіріміздің басқа да кәсіпкерлері назар аударып отыр. Ірі құс бірлестігі «Ақмола-Феникс» АҚ-ның құрылтайшыларының бірі  Александр Лоренц те шағын Отанында   қайырымды іс жасап, өз  қолтаңбасын қалдыруды жоспарлап отыр.  Белгілі бизнесмен осы бағдарлама аясында Оразақ ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылының мектебін күрделі жөндеуден өткізіп, елді мекеннің көшелерін сәулеттендірмекші. Мұндай айтулы шаралар мен қайырымдылық  істері   астаналық ауданның өзге де қалталы азаматтарына  қозғау салады деген үміттеміз.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар