Жаңа өнімдер қарастырылуда

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов  өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен өткен брифингте осы бағытта әңгіме өрбітті.

  Брифингке Целиноград ауданындағы «Сапа Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Таир Муралиев қатысып, өндірісті ұлғайту жөнінде баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда 2015 жылы «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған темірбетон өнімдерін шығаратын кәсіпорынның өніміне осы күні еліміздің оңтүстік және  шығыс өңірлері де қызығушылық танытуда.
«Темірбетон бұйымдар өндірісін жаңғырту» жобасын жүзеге асыру зауыттың жылдық қуатын айтарлықтай арттырды. Жобаның құны – 1,9 миллиард теңгені құрады, 70 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күнде «Сапа Су» серіктестігі темірбетон бұйымдарын жаңа технологиялық еуропалық жабдықтарда өндіретін инновациялық зауыт болып табылады. Кәсіпорын өткізу нарығын кеңейтуде», – деді Таир Муралиев.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында кіші және орта бизнес субъектілерінің салымдарын ұлғайтуды тапсырған болатын. Ал, бұл көбінесе нарықтың ішкі әлеуетін барынша қолдануға және өнеркәсіптерді жүктеуге байланысты. Осы орайда, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар шаралар қолға алынғанын атап өтті. Бұл шаралардың барлығы отандық өндірістің тынысын кеңейтуге бағытталған.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар