Бурабай кенті ажарлана түсуде

Бурабай кентіндегі Кенесары көшесіне тұңғыш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  абаттандырылуда.

  Бұл жұмысты «Қазавтожол» ұлттық компаниясының филиалы жүзеге асыруда. Бурабай кентінің орталығындағы Кенесары көшесіне жөндеу жүргізілмегелі бақандай 25 жыл өткен екен.
Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, көше бойындағы электр бағаналары жаңартылып, жаяу жүргіншілердің жолдарына шақпа тастар төселуде. Жаңа да сәнді аялдамалар орнатылып, жолға асфальт төселуде. Көшенің көркін кіргізіп, ажарын сәулетті ететін кешенді іс үстіміздегі жылдың шілде айының соңында аяқталмақ.
Бұдан басқа да жақсы жаңалық аз емес. Мәселен, бірнеше балалар алаңдары пайдалануға берілді. Оқжетпес селосындағы тұрғын үй кешенінің бірінде және Бурабай кентінде төбесінде көлеңкесі бар орындықтар, алтыбақандар, басқа да балалардың ойнауына қажетті жабдықтар орнатылған. Балалар алаңдары жарықтандырылған. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен сегіз миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар