Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлт саулығы жолындағы талпыныс - АРҚА АЖАРЫ

Ұлт саулығы жолындағы талпыныс

Облыс орталығындағы «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болашақ аналарға арналған дайындық мектебі ашылды. Онда жүкті әйелдер психологиялық және физиологиялық дайындықтан өтеді.  

  Жүктілік мерзімі 30 аптадан асқан әйелдерге гинеколог, психолог, педиатр, терапевт және тағы басқа арнайы мамандар тегін көмек көрсетеді. Жаңа жоба мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асуда. Бұл мақсатқа 6 миллион теңге қаражат қарастырылған. Дайындық сабақтары аптасына 3 реттен
3 апта бойы жүргізілетін болады. Қоғамдық қордың директоры Берік Рақышевтың айтуынша келушілерге сабақ беретін мамандар Астана қаласына барып, арнайы курстардан өтіп, білімдерін жетілдіріп қайтты. – Әрбір әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ. Жасырары жоқ, жас келіншектер ана боламыз деген сәттен-ақ қобалжу, қорқыныш сияқты сезімдерді басынан өткереді.  Айта кету керек, соңғы кезде жүкті әйелді босандыру кезінде акушерліктегі жаңа технологиялар бұл қорқыныштардың барлығы еш негізсіз екендігін айқындап отыр.  Қалай дегенменде, өмірдің баға жетпес қазынасы бала десек, біз ұрпақ жалғасы ұл-қыздарымыздың аман-есен дүниеге келуіне жүрдім-бардым қарамауымыз керек. Сол себепті де, жүкті әйелдердің денсаулығына аса зор мән беріп,  бұл бір ғана адамның тағдыры ғана емес, ұрпақ жалғасы ұлт байлығы екендігін әсте естен шығармағанымыз абзал, – дейді қор директоры. Бұл бастаманы жүкті әйелдердің өздері зор қуанышпен қолдап, игі бастамаға балап отыр.  Анастасия Вереницинаның сөзіне тоқталар болсақ, ол бұл жобаның алдағы уақытта берері мол екендігін баса айтуда. – Жасырары жоқ, күнім жақындаған сайын жүрегім толқып, қобалжып жүргенім рас. Ендігі арада арнайы мамандардың көмегіне жүгініп, көңілімді күпті еткен көптеген сұраққа тұшымды жауап алатыным қандай жақсы болды, – дейді ол.        

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар