Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сұлу өлкенің адамдары туралы кино - АРҚА АЖАРЫ

Сұлу өлкенің адамдары туралы кино

Астана қаласында «Мы из Сандыктау» халықтық комедиясының тұсаукесері өтті.

 

Фильмді түсіру жұмыстары  ағымдағы  жылғы ақпан айының   23-інде басталып, қысқа мерзімде мәреге жетті. Картинада негізгі рольдерді ҚР  еңбек  сіңірген  қайраткері  Түймехан Атымтаева,  Мұхтар Әуезов атындағы  қазақ академиялық драма театрының актерлері  Майра Омар, Ақыш Омар, Гүлбаршын Қылышбай, Жанат Чайкина, сондай-ақ, өнер жолын енді бастаған  жас актерлер Инабат Әбенова, Дастан Байбосынов, Жеңіс Әбдіғазиз, Сағындық Тоқпаев, Ерғұлан Жанпейісов ойнайды.
Кинолентаның табысты шығуына   қоюшы-режиссер Сергей Селищев пен қоюшы-суретші  Дархан Мамаров көп үлес қосты.  Фильмнің музыкалық әрлеуін  астаналық  Z тобы жүзеге асырды.   Комедияның  сценарийін жазған  Наргиз Ирсалиева. Фильм режиссері Елена Шестакова. Бас продюсері – Елена Гомер.
– Бұл өте көңілді де тартымды халықтық комедия  ақжарқын, ашық мінезімен  қала тұрғындарының жүректерін жібітіп, жан дүниесін баурап алған ауыл адамдары туралы. Мен өзім Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балкашино ауылында тұрғанмын, сондықтан, бұл өңір тұрғындарының мінез-құлқын өте жақсы білемін. Бұл өте әсем, табиғаты сұлу, шипалы  мекен,  бұл жерде  ақкөңіл, шынайы,  бауырмал  адамдар тұрады.  Біз жаңа  фильм арқылы қазақстандықтарды  осы бір  ну ормандар  мен көгілдір көлдер, мөлдір бұлақтар мен биік шоқыларға толы тамаша өңірмен кеңірек таныстырғымыз келді. Өйткені, бұл  жерлерде қазіргі кезде кең  танымалдыққа ие болған экотуризм саласын барынша  дамытуға,  жастар фестивальдерін өткізіп,  сол арқылы Солтүстік Қазақстанның көздің жауын алатын көркем табиғатын жарнамалауға болады.  Айтпақшы, бұл тұрғыдан бізге Ақмола облысының, Сандықтау ауданының және  Балкашино ауылдық округінің әкімдіктері үлкен қолдау көрсетті. Мысалы, аудан әкімі  Асылбек Исмағамбетов  өзі  басқаратын  аудан аумағында  туризм саласын  дамытуға аса мүдделі  және шығармашылық жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге әзір.
Ал, комедия сюжетіне келер болсақ,  ол тасы өрге домалап тұрған аса  табысты да дәулетті астаналық бизнесменнің  жаңа баспана сатып алғанынан басталады.  Бір қарағанда, бұл әрине,  ешкімді таңғалдыратын жай емес. Кәсіпкердің сән-салтанаты келіскен,  кербез де әсем зайыбы мен бой жетіп отырған, бірақ, әлі тұрмысқа шықпаған қызы   отағасының әрбір бастамасына қолдау көрсетіп отырады.  Бизнесменнің зайырлы  жары қоныс тойын соңғы кездері сәнге айналған жаңа дәстүрге сай өткізгісі келеді. Ал, отағасы, отбасылық мерекеге Сандықтауда тұратын туған-туыстарын шақырғанда, тойға аталған ауыл тұрғындары тайлы-тұяғы қалмастан түгел келеді деп күтпеген еді. Осындай астаналықтар мен ауыл тұрғындарының тұрмыс салттары тоғысқан тұста пайда болған қызық та күлдіргі жәйттар көрермендердің көңілінен шығып, күлкіге қарық етеді деп сенеміз,– дейді фильмнің бас продюсері Елена Гомер.
Біз де мүмкіндік болса, өз өлкеміз бен оның адамдары туралы фильмді көруге асығайық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар