Қыздың қылығы мынау…

17 шілде күні Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне 23 жастағы қыздың Қосшы ауылындағы «Чистые пруды» демалыс аймағында өзіне таныс жігіттің Lexus RX 350 автокөлігін мініп кеткендігі жөнінде хабар келіп түсті.

  Негізгі себебін кім білсін, оқиға ішкендіктің салдарынан болғанға ұқсайды. Өйткені, мұның алдында жігіт екеуі бірлесіп арақ ішкен.
Полиция қызметкерлері келіп түскен хабар бойынша шұғыл шаралар қолданып, қымбат автокөлікті ала қашқан қызды Астана қаласының аумағында ұстады. Алайда, бойжеткен полицейлер оның аптығын басқанша, автокөлікпен жол апатына да ұрынып үлгеріпті.
Енді жапа шеккен жігіт келтірілген шығын көлемін 30 миллион теңгеге бағалап отыр. Осы іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 200 бабының
1 тармағында қарастырылған қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл бап бойынша айыпкер бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі немесе екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері облыста автокөлік құралдарын мініп кетудің осындай 52 оқиғасы тіркелген. Өкінішке орай, ішіп алып, өз-өзіне есеп бермеген қыз қылығы да осындай қылмыстардың бел алып тұрғанын көрсетеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар