Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолдағы ауыр оқиға - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолдағы ауыр оқиға

2017 жылдың 20 шілдесінде Ақмола облысы Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратының алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ  атылды. 

  Облыстық прокуратура өкілдері осы оқиғаға байланысты жаңа деректерді жария етті. Прокуратура қызметкері Ж.Әлібаев пен Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі А.Пішембаевқа оқ атқан О. Жампозов кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында бас директор болып қызмет атқарған. Кейін оған лауазымды тұлғалармен және мердігерлермен алдын ала келісім бойынша Преображенское су торабын жаңартуға бөлінген қаржыны өз қажетіне жаратты деген айып тағылған. Оқиға болған күні осы іске қатысты соттың шешімі шығуы тиіс екен.
Алайда, О.Жампозов  мұны күтпей, түс кезінде жоғарыда аттары аталған қызметкерлерге қару қолданып, олар жараланған күйінде Астана қалалық ауруханасына жеткізіледі. Ал, осындай ауыр қадамға барушының өзі болса,
АЛЖИР құрбандарына орнатылған мемориалдық кешенінің аумағында өз-өзіне қолындағы қарудан оқ атып,  суицид жасайды. Оның өлі денесін тапқан құқық қорғау органдары осындай қорытындыға келіп отыр. Қазір бұл істі бақылау  Астана қалалық прокуратурасына тапсырылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар